«Менің Қазақстаным» фотосайысы

Біз табиғатты, қалаларды, адамдарды және біздің еліміздің астанасын жаңа және күтпеген қырынан көрсететін ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді іздейміз
1 тамыз — 30 қыркүйек

«Менің Қазақстаным» фотосайысы

Біз табиғатты, қалаларды, адамдарды және біздің еліміздің астанасын жаңа және күтпеген қырынан көрсететін ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді іздейміз
Құрметті достар! Tengrinews.kz ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылған "Менің Қазақстаным" фотобайқауының төрт санаты бойынша жеңімпаздардың анықталғаны туралы хабарлаймыз.

Астана
Адамдар
Табиғат
Калалар
«Астана»:
I орын: Жәнібек Қуанышбаев «Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік отшашу»
II орын: Салауат Нұрғожаев «Кешкі қала»
III орын: Ксения Горленко «Маусым айындағы жаңбыр»

«Адамдар»:
I орын: Диас Әбдірахман «Тәтті қыз»
II орын: Максим Стадниченко «Тәуекелділік – менің борышым!»
III орын: Сергей Рассохин «Тиін»

«Табиғат»:
I орын: Александр Власюк «Көкжайлауға қарай жол»
II орын: Алексей Кошкин «Саз жапалағы»
III орын: Элина Азаматова «Ақжар тауы. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы»

«Қалалар»:
I орын: Георгий Семенов «Орал қақпасы. Ескі қала»
II орын: Cәрсенбек Қызайбекұлы «Алматы. Түнгі тұман»
III орын: Светлана Артюшина «Автобуста күннің батуы»

Жүлделер
Еске сала кетейік, жеңімпаздардың барлығына электронды-тұрмыстық техника дүкендер жүйесінің сыйлық сертификаттары ұсынылады:

I орын —100 000 (жүз мың) теңге және Астана қаласын тікұшақпен ұшып шығуға Astana Business Aviation сертификаты,

II орын
—70 000 (жетпіс мың) теңге сертификаты,

III орын
—50 000 (елу мың) теңге сертификаты.

Құттықтаймыз!

Қазылар алқасы
Қанат Байғарин
QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы
Жана Рүстем
QazaqGeography басқарма төрағасы
Нұржан Алғашов
QazaqGeography менеджері
Максим Золотухин
Кәсіби фотосуретші
Дионисий Мить
Кәсіби фотосуретші
Александр Белиловский
PrimeMinister.kz бас редакторы
Қазылар алқасы
Қанат Байғарин
QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы
Жана Рүстем
QazaqGeography басқарма төрағасы
Нұржан Алғашов
QazaqGeography менеджері
Максим Золотухин
Кәсіби фотосуретші
Дионисий Мить
Кәсіби фотосуретші
Александр Белиловский
PrimeMinister.kz
бас редакторы

Фотосайысқа қатысу

Фотосайыс ережелері бойынша «QazaqGeography» мүшелері ғана қатыса алады. Қауымдастыққа кіру үшін ережелермен танысып сауалнаманы толтырыңыз.
«Менің Қазақстаным» фотосайысының ережелері
Сайыстың Ұйымдастырушысы "QazaqGeography" РҚБ болып табылады. Сайысқа қатысу үшін QazaqGeography-ға мүше болу міндетті. Ол үшін Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтындағы тіркелу нысанын толтырып, ересектер үшін 2000 теңге, студенттер үшін 500 тг., зейнеткерлер үшін 500 тг. жылдық мүшелік жарнаны төлеу қажет.

Сайыстың Ақпараттық серіктестері "Tengrinews" жаңалықтар порталы болып табылады.

Сайыс 4 тақырыптық санатта өтеді: «Астана», «Табиғат», «Адамдар», «Қалалар». Ұйымдастырушылармен тұлғалардың кең шеңбері арасында өткізілетін «Менің Қазақстаным» фотосайысы әр 4 тақырыптық санаттағы ең үздік фотосуреттерді іріктеуге бағытталған.

«Қатысушы» – жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, лауазымдық және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, сондай-ақ келесі белгілердің:
- кәмелеттік жас;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі жиынтығына жауап беретін кез келген жеке тұлға. Мұндай тұлға алдын ала, толық көлемде, алып тастаусыз және қысқартусыз осы офертаның мәтінімен, сондай-ақ Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсындағы Сайыстың қол жетімді материалдарымен танысуға міндетті.

Ұзақтығы
Сайыс 2018 жылдың 1 тамызда басталып, 2018 жылдың 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысуға өтініш берудің соңғы мерзімі 30 қыркүйек, 12:00 (күндізгі он екі, Астана уақыты бойынша). Сайысқа қатысуға тіркеле отырып, Қатысушы Шарттың және Ережелердің талаптарымен келіседі.

Сайысқа қатысуға өтінім беру үшін qazaqgeography.kz сайтында тіркелу қажет. Өтінім:
  1. QazaqGeography қатарына қосуға арналған толтырылған тіркеу нысанын,ересектер үшін 2000 теңге, студенттер үшін 500 тг., зейнеткерлер үшін 500 тг. жылдық мүшелік жарнаны төлеу қажет.
  2. Сайысқа қатысуға арналған толтырылған тіркеу сауалнамасын,
  3. Шартпен және Ережелермен келісімді,
  4. фотосуреттерді жүктеуді қамтиды.
Өтінімнің барлық кезеңдері qazaqgeography.kz сайтында «Фотосайыс» тарауында өтеді. Өтініш қабылданғаннан кейін Сайысқа жіберілген фотосуреттер кең жұршылық көруі үшін Ұйымдастырушы мен Ақпарттық серіктестің сайтында және олардың әлеуметтік желілердегі беттеріне қойылуы мүмкін.

Талаптар
Қатысушы Сайыстың 1 сериясына 10 фотосуретке дейін бере алады. Қатысушы Сайыстың барлық серияларына фотосуреттер ұсына алады. Қатысушының фотосуреттері келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
  1. JPG немесе JPEG форматында болу
  2. Ұзын жағы бойынша ең кемі 1600 пикселді қамтуы
  3. Файлдың ең жоғарғы көлемі 30 MB аспауы қажет
  4. Фотосуреттердің сипаттамасы анық әрі шын болуы қажет
  5. Фотосуреттердің су белгісі болмауы қажет.

Фотосуреттерді түзету: фотосуреттерді түзетуге рұқсат етілген, бірақ шектен тыс түзету немесе шындықты бұрмалау үшін компьютерлік технологияларды қолдану құпталмайды.

Айқындау және өңдеу: қара-ақ өңдеуге және сүзгілерді қолдануға рұқсат етілген.

Су белгісі: Су белгілерін қолдануға рұқсат етілмейді.

Смартфондар мен басқа мобильді құрылғылардан фотосуреттер қабылданады.

Критерийлерге жауап бермейтін фотосуреттер Сайыстан алынуы мүмкін. Ұсынылған фотосуреттер Қатысушының меншікті жұмысы болып табылып, үшінші тұлғаларға тиесілі немесе бақыланатын материалдарды қамтымауы қажет.

Жеке мәліметтерді қолдану
Ұйымдастырушымен Ақпараттық серіктес Қатысушының жеке басы туралы ақпараттарды бөтен тұлғаларға бермейді және сатпайды.

Фотосуреттердің авторлығы
Фотограф фотосуреттердің сөзсіз авторлығын өзінде сақтайды.

Фотосуреттерді алып тастау
Фотосуреттер авторлық құқықты бұзғаны үшін немесе Шарт пен Ережелер талаптарын бұзғаны үшін алынуы мүмкін.
Мазмұны ашық, нәсілшілдік, арандатушылық, қаталдықты немесе әдепке жатпайтын қылықтарды бейнелейтін ретінде бағалануы мүмкін немесе басқалай осы Шарттың немесе Ережелердің талаптарын бұзатын фотосуреттер онлайн-галереядан алынып тасталынады және Сайысқа қатысуға жіберілмейді.

Релиздер
Егер фотосурет үшінші тұлғалардың құқығына жататын материалдарды қамтитын болса және/немесе егер фотосурет адамдардың бейнелерін қамтитын болса, онда Қатысушы фотосуреттерді Сайысқа ұсынғанға дейін, егер бұл мүмкін болса, рұқсаттарды және релиздерді алуға жауапты тұлға болып табылады.
Үшінші тұлға талап еткен жағдайда Ұйымдастырушының хабарламасы бойынша Қатысушы Ұйымдастырушыдан хабарламаны алған мезеттен бастап жеті (7) күн ішінде фотосуретте бейнеленген үшінші тұлғалармен не болмаса материалдары фотосуретте берілген тұлғалармен фотосуретті көшіруге, таратуға, көрсетуге келісімге қол қоюға дайын болуы қажет. Қатысушы рұқсат етуші құжаттарды ұсына алмаған немесе қабілетсіз болған жағдайда Ұйымдастырушы фотосуреттерді Сайыстан алып тастауға құқылы.

Фотосуреттерді бағалау
Фотосуреттер төменде мәлімделген ережелерге сәйкес қазылар алқасы мүшелерімен бағаланады. Ұйымдастырушы фотосуреттің растығы туралы мәселені шешу үшін бастапқы фотосуреттерді сұратуға құқылы.

Фотосуреттерді бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
  1. эстетика,
  2. композиция,
  3. түпнұсқалық.
Қазылар алқасының мүшелері Сайыстың әр санаты бойынша берілген критерийлерге бәрінен ең сәйкес келген 3 жеңімпазды іріктейді. Жеңімпаздар Сайыстың анықталғаннан кейін 15 күн ішінде таңдалады және өтінімде көрсетілген электронды мекенжай бойынша хабарланады. Егер жеңімпаз 15 күн ішінде көрсетілген email-ге хатпен жауап бермесе, онда Ұйымдастырушыбасқа жеңімпазды таңдауға құқылы. Ұтып алған жағдайда Қатысушы жүлдені өзі немесе сенімді тұлғасы арқылы алып кетеді.

Жүлделер Ұйымдастырушының қалауымен таңдалады. Сайыстың әр санатында үш жүлделі орын бар. Көрермендер көзайымы жүлдесі Ақпараттық серіктеспен сайыстың Tengrinews.kz онлайн-галереясындағы барлық сериялардың нәтижелері бойынша ең көп дауыс алған фотосуретке беріледі.
«Менің Қазақстаным» фотосайысына қатысу туралы Шарт
Жалпы ережелер
1. Фотосайысқа қатысу туралы осы жария Шарт(бұдан әрі – Шарт) РҚБ бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігімен фотосайысты өткізу талаптарын және қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Қатысушылар) оған қатысу талаптарын айқындайды.
2. Осы Шартжария оферта болып табылады, оның толық және сөзсіз қабылдауы (акцепті)Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтында Қатысушының қатысуға өтінімді жіберуі саналады.
3. Ұйымдастырушы, ҚР заңнама талаптарын сақтау мақсатында Қатысушыларға төмендегілер жөнінде Осы Шартты жасауды ұсынады:
1) «Фотосайыс» (бұдан әрі – Сайыс) – адамдардың кең шеңбері арасында Ұйымдастырушымен өткізілетін, қазылар алқасы мүшелерімен үздік фотосуреттерді іріктеуге бағытталған «Менің Қазақстаным» фотосайысы;
2) «Қатысушы» – жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, лауазымдық және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, сондай-ақ келесібелгілердің:
- кәмелеттік жас;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі жиынтығына жауап беретін кез келген жеке тұлға.
Мұндай тұлға алдын ала, толық көлемде, алып тастаусыз және қысқартусыз осы офертаның мәтінімен, сондай-ақ Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсындағы Сайыстың қол жетімді материалдарымен танысуға міндетті.
3) «Оферта» – ол үшін барлық қажетті шарттарды көрсетумен осы Шартты жасау ұсынысы.
4) «Оферта акцепті» – Шартта көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдау.
5) «Интернет-ресурс» – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін qazaqgeography.kz электрондық ақпараттық ресурс.
6) «Фотосурет» – сайыс талаптарына сәйкес келетін және Қатысушының меншігі болып табылатын, фотокамерамен немесе мобильді телефонмен түсірілген сурет.
7) «Жүлде» – Ұйымдастырушымен таңдалған, марапат ретінде сайыс жеңімпазына берілетінматериалдық құндылық.
8) «Ақпараттық серіктес» - Tengrinews.kz жаңалықтар порталы.Tengrinews.kz ақпараттық серіктес сайтында Сайыс пен Фотогалерея бойынша ақпараттар дубляждалады, сондай-ақ көрермендер көзайымы жүлдесі үшін дауыс саны есептелінеді.

2. Шарт мәні
2.1. Осы жария оферта Сайыс Қатысушысы болғысы келетін, бұдан әрі баяндалған шарттарда Шартта жасауға тиісті ықтияры мен ниеті бар, кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлғаға бағытталған Сайыс Ұйымдастырушысының ұсынысы болып табылады.
2.2. Осы Офертаның Акцептісі мезетінен бастап Сайыс Ұйымдастырушысы мен Сайыс Қатысушысы арасында Шарт жасалған болып есептелінеді.
2.3. Сайысқа қатысу айрықша ерікті болып табылады.
2.4. Сайыс Қатысушысы Сайыс Ұйымдастырушысына келесілерді:
- Шартты жасау, орындау және тоқтату үшін маңызы бар шын әрі өзекті мәліметтерді, сондай-ақ Шартты жасасушы тұлғаның құқыққа және әрекетке қабілеті туралы, Шартты жасасатын тұлғаның өкілеттігі туралы мәліметтерді ұсынғанын, өзінің мүддесін білдіретінін;
- жасалатын Шартқа қатысты, Шарттың маңызды талаптарына қатысты, мәміленің табиғатына қатысты, онымен Шарт жасасатын тұлғаға және с.с. қатысты айтарлықтай адасуы жок екендігін;
- Шартты жасау барысында өзін Сайыс Ұйымдастырушысымен алдандым деп есептеуіне негіз жоқтығын мәлімдейді.
2.5. Шартты жасасу Сайыс Ұйымдастырушысына немесе үшінші тұлғаларға тиісілі айрықша және өзге құқықтарды Сайыс Қатысушысына қалай да, толық немесе ішінара беруді білдірмейді.
2.6. Шарттың және Сайыс Ережелерінің қолданыстағы редакциясы тұрақты негізде Ұйымдастырушының Интернет-ресурста орналастырылған және Акцепті жасау мезетіне дейін Қатысушының танысуы үшін міндетті.

3. Сайысқа қатысу шарттары
3.1. Сайысқа қатысу үшін Сайыстыңәлеуетті қатысушысына келесі әрекеттерді жасау қажет:
Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтында тіркелу нысанын толтырып, 2000 теңге көлеміндегі жылдық мүшелік жарнаны төлей отырып, QazaqGeography мүшесі болу. Студенттер мен зейнеткерлер үшін жарна сомасы 500 тг.;
Осы Офертаның мәтінімен, сондай-ақ Сайыстың қол жетімді материалдарымен, оның ішінде Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтындағы Фотогидпен, Сұрақтар мен Жауаптармен, Ережелермен танысу;
Ұйымдастырушының сайтындағы «Фотосайыс» тарауында Ұйымдастырушы Сайыс Қатысушысымен ары қарай байланысуы үшін өзінің дербес мәліметтерін көрсете отырып, Сайысқа қатысу өтінімін толтыру және фотосуреттерді жүктеу. Қатысуға өтінімді жіберу кезінде Қатысушы Оферта шарттары мен Ережелерді сөзсіз және толық көлемде қабылдайтындығын куәландырады, ол туралы «Офертаның барлық шарттарымен танысу туралы» тармағына тиісті белгі қояды.
3.2. Қатысушы келесі жағдайларда:
3.2.1. Ұйымдастырушының немесе Сайыстың Ақпараттық серіктесінің бастамасы бойынша, Қатысушы Сайыс Ережелерінде баяндалған Сайыс шарттарын бұзған жағдайда Сайысқа қатысудан шығарылады.
3.3. Қатысушы Сайыстан шығарылған жағдайда осы Шарт бұзылды деп есептелінеді.
3.4. Сайыс Қатысушысы тұру, жол, тамақтану жәнек Сайысқа қатысумен байланысты өзге шығындарды өзі көтереді.

4. Жеңімпазды анықтау
4.1. Сайыс жеңімпазын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қазылар алқасын құрады, оның құрамына кәсіби фотографтар кіреді.
4.2. Сайысты өткізу қорытындысы бойынша қазылар алқасы өз бетінше жеңімпазды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі шағымдануға жатпайды.
4.3. Қазылар алқасымен таңдалған Сайыс Жеңімпазы осы Шарттың 7 тармағында көрсетілген Сайыс Жүлдесін алады. Сайыстың әрбір сериясына үш жүлделік орын көзделген.
4.4. Сайыс жеңімпаздарын анықтау қорытындысы туралы ақпарат жеңімпаздардың Т.А.Ә. және/немесе никнеймдерін көрсетумен Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz және Ақпараттық серіктестің ресми Интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
4.5. Ақпараттық серіктес өзінің Tengrinews.kz сайтында параллельді түрде сайтқа кірушілер арасында «Көрермендер көзайымы жүлдесі» жеңімпазын анықтауға дауыс беруді ұйымдастырады. Сайыстың барлық сериялары бойынша барынша көп дауыс жинаған фотосурет Ақпараттық серіктестен жүлде алады.

5. Сайыс жүлдесін алу талаптары мен тәртібі
5.1. Ұйымдастырушы Қатысушының Сайысқа қатысуға өтінім берген кезінде хабарлаған электрондық поштасына хабарлама жолдауы арқылы Қатысушыға Жүлдені тапсыру тәртібі туралы хабарлайды.
5.2. Хабарлама жолданған сәттен бастап үш сағат ішінде Қатысушы оны алды деп саналады. Ұйымдастырушы Қатысушыда хабарламаны алуға болатын құралдардың жоқтығына жауап бермейді.
5.3. Ұйымдастырушы Сайысқа Қатысушы осы Шарттың талаптарын сақтамау дерегі анықталған жағдайда, Жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
5.4. Қажет етілмеген Жүлдені Ұйымдастырушы өз қалауынша басқарады. Жүлде қайта қажет етілмейді.
5.5. Жүлдені алған кезде Қатысушы жеке куәлігін, Ұйымдастырушыдан алған хабарламасын ұсынуы және тиісті жүлдені алғанын растайтын құжатты (бұдан әрі – «Жүлдені алғанын растайтын құжат») толтыруы тиіс.
5.6. Қатысушы Жүлдені алуды растайтын құжатты толтырудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайда және/немесе бүкіл қажетті ақпаратты ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған жағдайда, осындай Қатысушының ұтып алған Жүлдесі қажет етілмеді деп саналады. Қатысушы Жүлдені алған және Жүлденің алынғанын растайтын құжатқа қол қойған сәттен бастап соңғысы аталған Жүлдені бүлдіру және жоғалту тәуекеліне ұшырайды.
5.7. Сайысқа Қатысушы осы Шарттың талаптарын сақтауға, оның ішінде Сайысқа қатысумен байланысты барлық әрекеттерді белгіленген мерзімде орындауға, интернет, телефон шығындарын және пошта шығындарын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сайысқа қатысумен байланысты барлық шығындарды дербес көтеруге, сондай-ақ осы Шартта және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа міндеттемелерді атқаруға тиіс.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6.1. Қатысушы құқылы емес:
6.1.3. Әлдебір тәсілмен (көшірмесін жасау, шығару, тарату, жалпы назарға ұсыну және т.б.) Ұйымдастырушы жарияланған материалдарды немесе Қатысушылардың Сайысқа қатысу шеңберінде жариялаған материалдарын пайдалануға.
6.2. Қатысушы Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсында Сайыстың Ережелерімен өз бетінше және уақтылы танысуға міндеттенеді.
6.3. Қатысушы осы Шартқа сәйкес Сайысқа қатысуға өтінім беруге міндеттенеді.
6.4. Сайысқа қатысуға өтінім бергенде және Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында кері байланыс түрінде дербес деректерді толтыруға өтінім бергенде, Қатысушы өзі туралы, өзінің тұрғылықты орны туралы сенімді байланыс деректерін көрсетуге міндеттенеді.
6.5. Қатысушы Ұйымдастырушыдан алынған ақпаратты Ұйымдастырушының мүдделеріне зиян келтіруге қабілетті тәсілдермен пайдаланбауға міндеттенеді.
6.6. Қатысушы Ұйымдастырушыға келесілерді мәлімдейді және:
- Қатысушы дәйекті дербес деректерді көрсеткеніне;
- осы Шартты ерікті түрде жасағанына, бұл жағдайда Қатысушы осы Шарттың талаптарымен толық танысқанына, осы Шарттың мәнін толық түсінгеніне, жасалған Шартқа қатысты өз әрекеттерінің мәні мен салдарларын толық түсінгеніне және ақпараттық материалдарды пайдалану мен Сайысқа қатысу кезінде ықтимал жағымсыз салдарлардың жоқтығына сенімді екеніне кепілдік береді.
6.7. Сайысты ұйымдастырушы осы Шартта және Ережелерде тікелей көзделген міндеттемелерді өзіне қабылдайды, атап айтсақ:
- Сайыстың техникалық және басқада қамтамасыз етілуін іске асыруға;
- егер бұл жария сайыстарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін осы Шарттың және/немесе заңнаманың талаптарынан тікелей келіп шығатын болса, басқа әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға міндеттенеді.
6.8. Тараптар электрондық поштамен іске асырылатын хат алмасу заңды күшке ие және құжаттарды ұсынуға немесе жазбаша түрде хат жазысуға тең деп таниды.

7. Дербес деректерді өңдеу
7.1. Шартжасай отырып және өтінім нысанына дербес деректер енгізе отырып, Қатысушы өз дербес деректерін ұсынуға және оларды Ұйымдастырушының өңдеуіне келісімін береді.
7.2. Қатысушы Сайыстың Ұйымдастырушысына Шартжасау кезінде өзіне ұсынылған, сондай-ақ соңынан Сайысқа қатысу кезінде ұсынған өз дербес деректерін сақтау мен өңдеуге келісімін береді.

8. Фотосуреттерге интеллектуалды құқықтар
8.1.Қатысушы өзінде Сайысқа қатысу үшін Қатысушымен орналастырылған фотосуреттерге интеллектуалды құқықтарының (ерекше мүліктік құқықтар және жеке мүліктік емес құқықтар) бар екеніне кепілдік береді. Сайысқа Қатысушы үшінші тұлғалардың интеллектуалды құқықтарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті атқарады.
8.2. Шарттың талаптарымен келісе отырып, Қатысушы ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктеске Қатысушының Сайысқа мәлімделген фотосурет материалдарын галереяда толықтай немесе жартылай түрде көрсетуіне, таратуына, соның ішінде сайттар мен әлеуметтік желілерге, сондай-ақ көрсету, Сайысты және Ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктестің қызметін алға жылжыту және кез келген коммерциялық пайдалану үшін Қатысушыға қосымша қаржылай өтемақысыз пайдалануға сөзсіз құқық (бірақ міндет емес) береді.

9. Әрекет мерзімі және оферта талаптарының өзгеруі
9.1. Оферта Интернет желісінде осы Шартжарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Офертаны кері шақырып алу кезіне дейін қолданылады.
9.2. Қатысушы Офертаға өзгеріс енгізу ШартҚатысушысы мен Ұйымдастырушысының арасында жасалған және қолданылатын осы өзгерістерге әкелетінімен келіседі және мойындайды, Шартқа осы өзгерістер Офертаға осындай өзгерістермен бір мезгілде күшіне енеді.
9.3. Оферта кері шақырып алынған жағдайда, Шарткері шақырып алынған сәтінен бастап тоқтатылды деп саналады.
9.4. Ұйымдастырушы өзгертілген заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, бір жақты тәртіпте Шарттың мазмұнын өзгертуге құқылы. Ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген өзгерістерді Қатысушыға алдын ала ескертпей енгізе алады. Шарттың мазмұнындағы өзгерістер Шарттың жаңартылған мәтіні түрінде, Шарттың тұрақты орналасу мекенжайы бойынша, олардың жарияланған сәтінен бастап заңды күшіне енеді.

10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор)
10.1. Егер тиісті дәрежеде орындамау стихиялық құбылыс, өрт, әскери іс-қимылдар, революция, ереуілдер, Шарт бойынша міндеттемені орындауға кедергі жасайтын заңнамадағы өзгерістер сияқты еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) салдарынан болса, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамау, тиісті дәрежеде орындамау жауапкершілігінен босатылады.
10.2. Шарт бойынша Тарап әрекетті орындауы тиіс уақыт аралығы, егер осы уақыт аралығында әрекетке немесе қызметке қажеттілік сақталатын болса, форс-мажормен байланысты әрекетті орындауға қабілетті болмаған мерзімге ұзартылады.
10.3. Форс-мажор жағдайы басталған Тарап Форс-мажордың басталғаны туралы келесі Тарапқа оның басталған сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей келесі Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды. Осындай жағдайлардың басталғанын хабарламау немесе уақтылы хабарламау хабарламауға немесе уақтылы хабарламауға жол берген Тарапты міндеттемелерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жауапкершілігінен босататын негіз ретінде осы жағдайға сүйену құқығынан айырады.
10.4. Форс-мажор әрекеті уәкілетті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
10.5. Егер Форс-мажор қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені Шартты бұзу туралы 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын келесі Тарапқа хабар беріп, осы Шартты бұзуға құқылы. Тараптар бұл жағдайда өзара есеп айырысу және басқа мәселелерді реттеу үшін комиссия құрады.

11. Құпиялық
11.1. Шарттың әрбір Тарапы үшінші тұлғаларға келіссөздер жүргізу, Шарт жасау және орындау барысында келесі Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық құпияны (бұдан әрі – «Құпия ақпарат») жарияламауға міндеттенеді.
11.2. Егер өз қызметтік міндеттерін орындау барысында құпия ақпарат қолжетімді болса немесе қолжетімді болатын болса, құпия ақпаратты қорғау режимі келесі Тараптың Құпия ақпаратын жарияламау туралы кез келген және әрбір өз қызметкерін және лауазымды тұлғасын хабардар ету арқылы сақталады. Бұл жағдайда хабарламада Тараптар келесі Тараптың Құпия ақпаратын жариялағаны үшін мұндай қызметкер немесе лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінін хабардар етеді.
11.3. Құпия ақпаратты үшінші тарапқа беру, жариялау немесе жария ету келесі Тараптың алдын ала жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай ақпаратты алуға тікелей уәкілетті етілген органдардың немесе лауазымды тұлғалардың талап етуімен іске асырылуы мүмкін.
11.4. Егер Тарап Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ашуды көздесе, ол:
a) бұл туралы Құпия ақпараттың меншік иесі болып табылатын келесі Тарапқа хабардар етіп, осындай ашуға оның алдын ала жазбаша келісімін алуға міндетті;
б) Құпия ақпаратты ашуға осындай ақпарат иегерінен жазбаша келісімді алған жағдайда, үшінші тұлғадан оған ұсынылатын Құпия ақпаратты жарияламау талаптарын сақтау туралы алдын ала жазбаша міндеттемені алуы тиіс.

12. Дауларды шешу тәртібі
12.1. Шартқа қатысы бар барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
12.2. Егер Тараптар ымыраға келе алмаса, онда дауды шешу үшін, Тараптардың бірі тиісті жазбаша шағымды жіберген мезеттен бастап 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін, келіспеушіліктерді реттеу үшін Тараптар Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, соттың қарауына жүгінуге (шарттық соттылық) құқылы.

13. Шарттың қолданылу мерзімі мен бұзу тәртібі
13.1. Осы ШартИнтернет желісінде, Сайыс Ұйымдастырушысының сайтында qazaqgeography.kz мекен-жайы бойынша орналастырылады және ҚР заңнамасына сәйкес оныңталаптарын толық және сөзсіз қабылдаумен (акцептпен), осы Шартты жасау туралы адамдардың белгісіз бір шеңберіне Ұйымдастырушының офертасы (жария ұсынысы) болып табылады.
13.2. Осы Шарт келесі жағдайларда:
13.2.1. Тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта;
13.2.2. егер фотосурет Шартта және Ережелерде баяндалған Ұйымдастырушының талаптарына жауап бермейтін болса, Ұйымдастырушының бастамасы бойынша. Сайыс жеңімпазы бола алмаған Қатысушымен Шарт сайыстың барлық жеңімпаздарын жариялағаннан кейін автоматы түрде бұзылады;
13.2.3. ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге негіздемелер бойынша бұзылуы мүмкін.
13.3. Осы Шартқа Ұйымдастырушымен енгізілетін барлық өзгертулер осындай өзгертулерді енгізіп, Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz. Интернет-ресурсында жариялағаннан кейін 10 (он) күнтізбе күннен соң күшіне енеді: Қатысушы осы Шарт талаптарының өзгеруімен келіспеген жағдайда, бірақ Қатысушыны Сайыс жеңімпазы деп жариялағанға дейін Қатысушы тиісті өзгертулер күшіне енгенге дейін Ұйымдастырушыға осы Шарттан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы. Шарттың өзгертулері күшіне енгенге дейін Қатысушыдан жазбаша хабарлама болмаған жағдайда өзгертулер Қатысушымен қабылданған болып есептелінеді және Шарт енгізілген өзгертулерімен қолданылуын жалғастырады.

14. Тараптардың жауапкершілігі
14.1. Ұйымдастырушы мен Қатысушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе лайықсыз орындағаны үшін мүліктік және өзге заңи жауапкершілік атқарады.
14.2. Осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе лайықсыз орындаған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша басқа Тарапқа келтірілген және құжат жүзінде расталған шығындарды өтеуге міндетті.
14.3. Сайыс Ұйымдастырушысы:
14.3.1. Фотосуреттердің мазмұны мен олардың заң талаптарына сәйкестілігі үшін, авторлық құқықтардың бұзылғандығы үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтарының ықтимал бұзылуы үшін;
14.3.2. Сайыс Қатысушысының Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында Ұйымдастырушымен орналастырылған Сайыс жеңімпаздарының тізімімен танысуға мүмкіндігі жоқтығы үшін;
14.3.3. осы Шартта көзделген міндеттемелерді Сайыс Қатысушысымен орындалмағаны (уақытында емес орындалуы) үшін;
14.3.4. Сайыс қорытындылары жарияланған мезеттен бастап бір ай ішінде талап етілмеген немесе одан бас тартқан жағдайда Сайыс жеңімпазының жүлдені алмағаны үшін үшін жауапкершілік атқармайды.
14.4. Сайысқа қатыса отырып, Қатысушы осы Шартпен танысқанын және келісетінін растайды, әсіресе, бірақ бұлармен шектелмей, төмендегілермен:
14.4.1. осы Шартпен көзделген тәртіпте Сайыс жеңімпазын анықтауға;
14.4.2. Сайысты өткізу барысында Қатысушы үшінші тұлғалардың құқығын бұзумен байланысты үшінші тұлғалар тарапынан Ұйымдастырушыға қандай да бір шағымдар туындаған жағдайда Қатысушы мұндай дауларды өз бетінше шешуді өз мойнына алатындығымен;
14.4.3. Сайтта және Ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктестің Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында, Сайыспен Ұйымдастырушы туралыақпаратты жариялайтынөзге бұқаралық ақпарат құралдарында осы Шарттың талаптарына сәйкес Сайыс Қатысушысы туралы ақпараттарды жариялауға, фотосуреттер мен фото-тарихтарды жариялауғаөзінің келісетінін растайды.
14.5. Сайыс Ұйымдастырушысы:
14.5.1. Ұйымдастырушының ырқынан тыс туындағансебептер бойынша,Қатысушының Ұйымдастырушының хабарламаларын уақытылы емес алуына немесе алмауына алып келген пошта, интернет, байланыс желілері жұмыстарындағы іркілістер үшін;
14.5.2. Ұйымдастырушының Шарт талаптарын орындамауына алып келген техникалық іркілістер (электр қоректендіруді және байланыс желілерін өшіру/бүлдіру,процессингтік орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі іркілістер, төлем жүйелеріндегі техникалық іркілістер) үшін;
14.5.3. Егер Қатысушының дербес мәліметтері туралы ақпарат оларды қолдану барысында тыңдау немесе байланыс арналарын басы алу нәтижесінде өзге тұлғаларға белгілі болса;
14.5.4. Егер Қатысушының дербес мәліметтері туралы ақпарат Қатысушымен дербес мәліметтерді сақтау және қолдану талаптарын сақтамау нәтижесінде өзге тұлғаларға белгілі болса;
14.5.5. Қатысушыда Шарт аясында Ұйымдастырушымен өзара әрекетті қамтамасыз ететін байланыс құралдарына қол жетімділік болмағаны үшін, сондай-ақ осымен байланысты Қатысушының залалдары үшін;
14.5.6. Сайысқа қатысу үшін қажетті өтінімдер мен өзге құжаттарды Қатысушымен қате толтыру салдарынан туындаған залалдар үшін;
14.5.7. Хабарламаларды жіберу үшін Қатысушының дәйексіз, шын емес және қате мәліметтерді ұсынуы нәтижесінде туындаған залалдар үшін;
14.5.8. Қатысушының дәйексіз сәйкестіндіру мәліметтерді ұсынуы нәтижесінде туындаған залалдар үшін;
14.5.9. Қатысушымен хабарламаларды жіберуге арналған мәліметтерді жаңартпағы нәтижесінде туындаған залалдар үшін жауапкершілік атқармайды.

15. Қорытынды ережелер
15.1. Осы Шартпен қарастырылмаған барлық жағдайларда Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алады.
15.2. Осы Шарт бойынша акцепт жасау Қатысушының берілген дербес мәліметтердің Ұйымдастырушымен өңделуіне келісімін білдіреді.
15.3. Ұйымдастырушы бір жақты тәртіпте осы Шарт талаптарын өзгертуге құқылы. Шарттың өзекті мәтіні Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында орналастырылады.

Фотосайысқа қатысу

Фотосайыс ережелері бойынша «QazaqGeography» мүшелері ғана қатыса алады. Қауымдастыққа кіру үшін ережелермен танысып сауалнаманы толтырыңыз.
Фотосайысының ережелері
Сайыстың Ұйымдастырушысы "QazaqGeography" РҚБ болып табылады. Сайысқа қатысу үшін QazaqGeography-ға мүше болу міндетті. Ол үшін Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтындағы тіркелу нысанын толтырып, ересектер үшін 2000 теңге, студенттер үшін 500 тг., зейнеткерлер үшін 500 тг. жылдық мүшелік жарнаны төлеу қажет.

Сайыстың Ақпараттық серіктестері "Tengrinews" жаңалықтар порталы болып табылады.

Сайыс 4 тақырыптық санатта өтеді: «Астана», «Табиғат», «Адамдар», «Қалалар». Ұйымдастырушылармен тұлғалардың кең шеңбері арасында өткізілетін «Менің Қазақстаным» фотосайысы әр 4 тақырыптық санаттағы ең үздік фотосуреттерді іріктеуге бағытталған.

«Қатысушы» – жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, лауазымдық және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, сондай-ақ келесі белгілердің:
- кәмелеттік жас;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі жиынтығына жауап беретін кез келген жеке тұлға. Мұндай тұлға алдын ала, толық көлемде, алып тастаусыз және қысқартусыз осы офертаның мәтінімен, сондай-ақ Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсындағы Сайыстың қол жетімді материалдарымен танысуға міндетті.

Ұзақтығы
Сайыс 2018 жылдың 20 шілдесінде басталып, 2018 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Қатысуға өтініш берудің соңғы мерзімі 31-тамыз, 12:00 (күндізгі он екі, Астана уақыты бойынша). Сайысқа қатысуға тіркеле отырып, Қатысушы Шарттың және Ережелердің талаптарымен келіседі.

Сайысқа қатысуға өтінім беру үшін qazaqgeography.kz сайтында тіркелу қажет. Өтінім:
  1. QazaqGeography қатарына қосуға арналған толтырылған тіркеу нысанын,ересектер үшін 2000 теңге, студенттер үшін 500 тг., зейнеткерлер үшін 500 тг. жылдық мүшелік жарнаны төлеу қажет.
  2. Сайысқа қатысуға арналған толтырылған тіркеу сауалнамасын,
  3. Шартпен және Ережелермен келісімді,
  4. фотосуреттерді жүктеуді қамтиды.
Өтінімнің барлық кезеңдері qazaqgeography.kz сайтында «Фотосайыс» тарауында өтеді. Өтініш қабылданғаннан кейін Сайысқа жіберілген фотосуреттер кең жұршылық көруі үшін Ұйымдастырушы мен Ақпарттық серіктестің сайтында және олардың әлеуметтік желілердегі беттеріне қойылуы мүмкін.

Талаптар
Қатысушы Сайыстың 1 сериясына 10 фотосуретке дейін бере алады. Қатысушы Сайыстың барлық серияларына фотосуреттер ұсына алады. Қатысушының фотосуреттері келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
  1. JPG немесе JPEG форматында болу
  2. Ұзын жағы бойынша ең кемі 1600 пикселді қамтуы
  3. Файлдың ең жоғарғы көлемі 30 MB аспауы қажет
  4. Фотосуреттердің сипаттамасы анық әрі шын болуы қажет
  5. Фотосуреттердің су белгісі болмауы қажет.

Фотосуреттерді түзету: фотосуреттерді түзетуге рұқсат етілген, бірақ шектен тыс түзету немесе шындықты бұрмалау үшін компьютерлік технологияларды қолдану құпталмайды.

Айқындау және өңдеу: қара-ақ өңдеуге және сүзгілерді қолдануға рұқсат етілген.

Су белгісі: Су белгілерін қолдануға рұқсат етілмейді.

Смартфондар мен басқа мобильді құрылғылардан фотосуреттер қабылданады.

Критерийлерге жауап бермейтін фотосуреттер Сайыстан алынуы мүмкін. Ұсынылған фотосуреттер Қатысушының меншікті жұмысы болып табылып, үшінші тұлғаларға тиесілі немесе бақыланатын материалдарды қамтымауы қажет.

Жеке мәліметтерді қолдану
Ұйымдастырушымен Ақпараттық серіктес Қатысушының жеке басы туралы ақпараттарды бөтен тұлғаларға бермейді және сатпайды.

Фотосуреттердің авторлығы
Фотограф фотосуреттердің сөзсіз авторлығын өзінде сақтайды.

Фотосуреттерді алып тастау
Фотосуреттер авторлық құқықты бұзғаны үшін немесе Шарт пен Ережелер талаптарын бұзғаны үшін алынуы мүмкін.
Мазмұны ашық, нәсілшілдік, арандатушылық, қаталдықты немесе әдепке жатпайтын қылықтарды бейнелейтін ретінде бағалануы мүмкін немесе басқалай осы Шарттың немесе Ережелердің талаптарын бұзатын фотосуреттер онлайн-галереядан алынып тасталынады және Сайысқа қатысуға жіберілмейді.

Релиздер
Егер фотосурет үшінші тұлғалардың құқығына жататын материалдарды қамтитын болса және/немесе егер фотосурет адамдардың бейнелерін қамтитын болса, онда Қатысушы фотосуреттерді Сайысқа ұсынғанға дейін, егер бұл мүмкін болса, рұқсаттарды және релиздерді алуға жауапты тұлға болып табылады.
Үшінші тұлға талап еткен жағдайда Ұйымдастырушының хабарламасы бойынша Қатысушы Ұйымдастырушыдан хабарламаны алған мезеттен бастап жеті (7) күн ішінде фотосуретте бейнеленген үшінші тұлғалармен не болмаса материалдары фотосуретте берілген тұлғалармен фотосуретті көшіруге, таратуға, көрсетуге келісімге қол қоюға дайын болуы қажет. Қатысушы рұқсат етуші құжаттарды ұсына алмаған немесе қабілетсіз болған жағдайда Ұйымдастырушы фотосуреттерді Сайыстан алып тастауға құқылы.

Фотосуреттерді бағалау
Фотосуреттер төменде мәлімделген ережелерге сәйкес қазылар алқасы мүшелерімен бағаланады. Ұйымдастырушы фотосуреттің растығы туралы мәселені шешу үшін бастапқы фотосуреттерді сұратуға құқылы.

Фотосуреттерді бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
  1. эстетика,
  2. композиция,
  3. түпнұсқалық.
Қазылар алқасының мүшелері Сайыстың әр санаты бойынша берілген критерийлерге бәрінен ең сәйкес келген 3 жеңімпазды іріктейді. Жеңімпаздар Сайыстың анықталғаннан кейін 15 күн ішінде таңдалады және өтінімде көрсетілген электронды мекенжай бойынша хабарланады. Егер жеңімпаз 15 күн ішінде көрсетілген email-ге хатпен жауап бермесе, онда Ұйымдастырушыбасқа жеңімпазды таңдауға құқылы. Ұтып алған жағдайда Қатысушы жүлдені өзі немесе сенімді тұлғасы арқылы алып кетеді.

Жүлделер Ұйымдастырушының қалауымен таңдалады. Сайыстың әр санатында үш жүлделі орын бар. Көрермендер көзайымы жүлдесі Ақпараттық серіктеспен сайыстың Tengrinews.kz онлайн-галереясындағы барлық сериялардың нәтижелері бойынша ең көп дауыс алған фотосуретке беріледі.
Фотосайысына қатысу туралы Шарт
Жалпы ережелер
1. Фотосайысқа қатысу туралы осы жария Шарт(бұдан әрі – Шарт) РҚБ бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігімен фотосайысты өткізу талаптарын және қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Қатысушылар) оған қатысу талаптарын айқындайды.
2. Осы Шартжария оферта болып табылады, оның толық және сөзсіз қабылдауы (акцепті)Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтында Қатысушының қатысуға өтінімді жіберуі саналады.
3. Ұйымдастырушы, ҚР заңнама талаптарын сақтау мақсатында Қатысушыларға төмендегілер жөнінде Осы Шартты жасауды ұсынады:
1) «Фотосайыс» (бұдан әрі – Сайыс) – адамдардың кең шеңбері арасында Ұйымдастырушымен өткізілетін, қазылар алқасы мүшелерімен үздік фотосуреттерді іріктеуге бағытталған «Менің Қазақстаным» фотосайысы;
2) «Қатысушы» – жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, лауазымдық және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, сондай-ақ келесібелгілердің:
- кәмелеттік жас;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі жиынтығына жауап беретін кез келген жеке тұлға.
Мұндай тұлға алдын ала, толық көлемде, алып тастаусыз және қысқартусыз осы офертаның мәтінімен, сондай-ақ Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсындағы Сайыстың қол жетімді материалдарымен танысуға міндетті.
3) «Оферта» – ол үшін барлық қажетті шарттарды көрсетумен осы Шартты жасау ұсынысы.
4) «Оферта акцепті» – Шартта көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы Офертаны толық және сөзсіз қабылдау.
5) «Интернет-ресурс» – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін qazaqgeography.kz электрондық ақпараттық ресурс.
6) «Фотосурет» – сайыс талаптарына сәйкес келетін және Қатысушының меншігі болып табылатын, фотокамерамен немесе мобильді телефонмен түсірілген сурет.
7) «Жүлде» – Ұйымдастырушымен таңдалған, марапат ретінде сайыс жеңімпазына берілетінматериалдық құндылық.
8) «Ақпараттық серіктес» - Tengrinews.kz жаңалықтар порталы.Tengrinews.kz ақпараттық серіктес сайтында Сайыс пен Фотогалерея бойынша ақпараттар дубляждалады, сондай-ақ көрермендер көзайымы жүлдесі үшін дауыс саны есептелінеді.

2. Шарт мәні
2.1. Осы жария оферта Сайыс Қатысушысы болғысы келетін, бұдан әрі баяндалған шарттарда Шартта жасауға тиісті ықтияры мен ниеті бар, кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлғаға бағытталған Сайыс Ұйымдастырушысының ұсынысы болып табылады.
2.2. Осы Офертаның Акцептісі мезетінен бастап Сайыс Ұйымдастырушысы мен Сайыс Қатысушысы арасында Шарт жасалған болып есептелінеді.
2.3. Сайысқа қатысу айрықша ерікті болып табылады.
2.4. Сайыс Қатысушысы Сайыс Ұйымдастырушысына келесілерді:
- Шартты жасау, орындау және тоқтату үшін маңызы бар шын әрі өзекті мәліметтерді, сондай-ақ Шартты жасасушы тұлғаның құқыққа және әрекетке қабілеті туралы, Шартты жасасатын тұлғаның өкілеттігі туралы мәліметтерді ұсынғанын, өзінің мүддесін білдіретінін;
- жасалатын Шартқа қатысты, Шарттың маңызды талаптарына қатысты, мәміленің табиғатына қатысты, онымен Шарт жасасатын тұлғаға және с.с. қатысты айтарлықтай адасуы жок екендігін;
- Шартты жасау барысында өзін Сайыс Ұйымдастырушысымен алдандым деп есептеуіне негіз жоқтығын мәлімдейді.
2.5. Шартты жасасу Сайыс Ұйымдастырушысына немесе үшінші тұлғаларға тиісілі айрықша және өзге құқықтарды Сайыс Қатысушысына қалай да, толық немесе ішінара беруді білдірмейді.
2.6. Шарттың және Сайыс Ережелерінің қолданыстағы редакциясы тұрақты негізде Ұйымдастырушының Интернет-ресурста орналастырылған және Акцепті жасау мезетіне дейін Қатысушының танысуы үшін міндетті.

3. Сайысқа қатысу шарттары
3.1. Сайысқа қатысу үшін Сайыстыңәлеуетті қатысушысына келесі әрекеттерді жасау қажет:
Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтында тіркелу нысанын толтырып, 2000 теңге көлеміндегі жылдық мүшелік жарнаны төлей отырып, QazaqGeography мүшесі болу. Студенттер мен зейнеткерлер үшін жарна сомасы 500 тг.;
Осы Офертаның мәтінімен, сондай-ақ Сайыстың қол жетімді материалдарымен, оның ішінде Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz сайтындағы Фотогидпен, Сұрақтар мен Жауаптармен, Ережелермен танысу;
Ұйымдастырушының сайтындағы «Фотосайыс» тарауында Ұйымдастырушы Сайыс Қатысушысымен ары қарай байланысуы үшін өзінің дербес мәліметтерін көрсете отырып, Сайысқа қатысу өтінімін толтыру және фотосуреттерді жүктеу. Қатысуға өтінімді жіберу кезінде Қатысушы Оферта шарттары мен Ережелерді сөзсіз және толық көлемде қабылдайтындығын куәландырады, ол туралы «Офертаның барлық шарттарымен танысу туралы» тармағына тиісті белгі қояды.
3.2. Қатысушы келесі жағдайларда:
3.2.1. Ұйымдастырушының немесе Сайыстың Ақпараттық серіктесінің бастамасы бойынша, Қатысушы Сайыс Ережелерінде баяндалған Сайыс шарттарын бұзған жағдайда Сайысқа қатысудан шығарылады.
3.3. Қатысушы Сайыстан шығарылған жағдайда осы Шарт бұзылды деп есептелінеді.
3.4. Сайыс Қатысушысы тұру, жол, тамақтану жәнек Сайысқа қатысумен байланысты өзге шығындарды өзі көтереді.

4. Жеңімпазды анықтау
4.1. Сайыс жеңімпазын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қазылар алқасын құрады, оның құрамына кәсіби фотографтар кіреді.
4.2. Сайысты өткізу қорытындысы бойынша қазылар алқасы өз бетінше жеңімпазды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі шағымдануға жатпайды.
4.3. Қазылар алқасымен таңдалған Сайыс Жеңімпазы осы Шарттың 7 тармағында көрсетілген Сайыс Жүлдесін алады. Сайыстың әрбір сериясына үш жүлделік орын көзделген.
4.4. Сайыс жеңімпаздарын анықтау қорытындысы туралы ақпарат жеңімпаздардың Т.А.Ә. және/немесе никнеймдерін көрсетумен Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz және Ақпараттық серіктестің ресми Интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
4.5. Ақпараттық серіктес өзінің Tengrinews.kz сайтында параллельді түрде сайтқа кірушілер арасында «Көрермендер көзайымы жүлдесі» жеңімпазын анықтауға дауыс беруді ұйымдастырады. Сайыстың барлық сериялары бойынша барынша көп дауыс жинаған фотосурет Ақпараттық серіктестен жүлде алады.

5. Сайыс жүлдесін алу талаптары мен тәртібі
5.1. Ұйымдастырушы Қатысушының Сайысқа қатысуға өтінім берген кезінде хабарлаған электрондық поштасына хабарлама жолдауы арқылы Қатысушыға Жүлдені тапсыру тәртібі туралы хабарлайды.
5.2. Хабарлама жолданған сәттен бастап үш сағат ішінде Қатысушы оны алды деп саналады. Ұйымдастырушы Қатысушыда хабарламаны алуға болатын құралдардың жоқтығына жауап бермейді.
5.3. Ұйымдастырушы Сайысқа Қатысушы осы Шарттың талаптарын сақтамау дерегі анықталған жағдайда, Жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
5.4. Қажет етілмеген Жүлдені Ұйымдастырушы өз қалауынша басқарады. Жүлде қайта қажет етілмейді.
5.5. Жүлдені алған кезде Қатысушы жеке куәлігін, Ұйымдастырушыдан алған хабарламасын ұсынуы және тиісті жүлдені алғанын растайтын құжатты (бұдан әрі – «Жүлдені алғанын растайтын құжат») толтыруы тиіс.
5.6. Қатысушы Жүлдені алуды растайтын құжатты толтырудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайда және/немесе бүкіл қажетті ақпаратты ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған жағдайда, осындай Қатысушының ұтып алған Жүлдесі қажет етілмеді деп саналады. Қатысушы Жүлдені алған және Жүлденің алынғанын растайтын құжатқа қол қойған сәттен бастап соңғысы аталған Жүлдені бүлдіру және жоғалту тәуекеліне ұшырайды.
5.7. Сайысқа Қатысушы осы Шарттың талаптарын сақтауға, оның ішінде Сайысқа қатысумен байланысты барлық әрекеттерді белгіленген мерзімде орындауға, интернет, телефон шығындарын және пошта шығындарын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сайысқа қатысумен байланысты барлық шығындарды дербес көтеруге, сондай-ақ осы Шартта және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа міндеттемелерді атқаруға тиіс.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6.1. Қатысушы құқылы емес:
6.1.3. Әлдебір тәсілмен (көшірмесін жасау, шығару, тарату, жалпы назарға ұсыну және т.б.) Ұйымдастырушы жарияланған материалдарды немесе Қатысушылардың Сайысқа қатысу шеңберінде жариялаған материалдарын пайдалануға.
6.2. Қатысушы Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz Интернет-ресурсында Сайыстың Ережелерімен өз бетінше және уақтылы танысуға міндеттенеді.
6.3. Қатысушы осы Шартқа сәйкес Сайысқа қатысуға өтінім беруге міндеттенеді.
6.4. Сайысқа қатысуға өтінім бергенде және Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында кері байланыс түрінде дербес деректерді толтыруға өтінім бергенде, Қатысушы өзі туралы, өзінің тұрғылықты орны туралы сенімді байланыс деректерін көрсетуге міндеттенеді.
6.5. Қатысушы Ұйымдастырушыдан алынған ақпаратты Ұйымдастырушының мүдделеріне зиян келтіруге қабілетті тәсілдермен пайдаланбауға міндеттенеді.
6.6. Қатысушы Ұйымдастырушыға келесілерді мәлімдейді және:
- Қатысушы дәйекті дербес деректерді көрсеткеніне;
- осы Шартты ерікті түрде жасағанына, бұл жағдайда Қатысушы осы Шарттың талаптарымен толық танысқанына, осы Шарттың мәнін толық түсінгеніне, жасалған Шартқа қатысты өз әрекеттерінің мәні мен салдарларын толық түсінгеніне және ақпараттық материалдарды пайдалану мен Сайысқа қатысу кезінде ықтимал жағымсыз салдарлардың жоқтығына сенімді екеніне кепілдік береді.
6.7. Сайысты ұйымдастырушы осы Шартта және Ережелерде тікелей көзделген міндеттемелерді өзіне қабылдайды, атап айтсақ:
- Сайыстың техникалық және басқада қамтамасыз етілуін іске асыруға;
- егер бұл жария сайыстарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін осы Шарттың және/немесе заңнаманың талаптарынан тікелей келіп шығатын болса, басқа әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға міндеттенеді.
6.8. Тараптар электрондық поштамен іске асырылатын хат алмасу заңды күшке ие және құжаттарды ұсынуға немесе жазбаша түрде хат жазысуға тең деп таниды.

7. Дербес деректерді өңдеу
7.1. Шартжасай отырып және өтінім нысанына дербес деректер енгізе отырып, Қатысушы өз дербес деректерін ұсынуға және оларды Ұйымдастырушының өңдеуіне келісімін береді.
7.2. Қатысушы Сайыстың Ұйымдастырушысына Шартжасау кезінде өзіне ұсынылған, сондай-ақ соңынан Сайысқа қатысу кезінде ұсынған өз дербес деректерін сақтау мен өңдеуге келісімін береді.

8. Фотосуреттерге интеллектуалды құқықтар
8.1.Қатысушы өзінде Сайысқа қатысу үшін Қатысушымен орналастырылған фотосуреттерге интеллектуалды құқықтарының (ерекше мүліктік құқықтар және жеке мүліктік емес құқықтар) бар екеніне кепілдік береді. Сайысқа Қатысушы үшінші тұлғалардың интеллектуалды құқықтарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті атқарады.
8.2. Шарттың талаптарымен келісе отырып, Қатысушы ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктеске Қатысушының Сайысқа мәлімделген фотосурет материалдарын галереяда толықтай немесе жартылай түрде көрсетуіне, таратуына, соның ішінде сайттар мен әлеуметтік желілерге, сондай-ақ көрсету, Сайысты және Ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктестің қызметін алға жылжыту және кез келген коммерциялық пайдалану үшін Қатысушыға қосымша қаржылай өтемақысыз пайдалануға сөзсіз құқық (бірақ міндет емес) береді.

9. Әрекет мерзімі және оферта талаптарының өзгеруі
9.1. Оферта Интернет желісінде осы Шартжарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Офертаны кері шақырып алу кезіне дейін қолданылады.
9.2. Қатысушы Офертаға өзгеріс енгізу ШартҚатысушысы мен Ұйымдастырушысының арасында жасалған және қолданылатын осы өзгерістерге әкелетінімен келіседі және мойындайды, Шартқа осы өзгерістер Офертаға осындай өзгерістермен бір мезгілде күшіне енеді.
9.3. Оферта кері шақырып алынған жағдайда, Шарткері шақырып алынған сәтінен бастап тоқтатылды деп саналады.
9.4. Ұйымдастырушы өзгертілген заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, бір жақты тәртіпте Шарттың мазмұнын өзгертуге құқылы. Ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген өзгерістерді Қатысушыға алдын ала ескертпей енгізе алады. Шарттың мазмұнындағы өзгерістер Шарттың жаңартылған мәтіні түрінде, Шарттың тұрақты орналасу мекенжайы бойынша, олардың жарияланған сәтінен бастап заңды күшіне енеді.

10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор)
10.1. Егер тиісті дәрежеде орындамау стихиялық құбылыс, өрт, әскери іс-қимылдар, революция, ереуілдер, Шарт бойынша міндеттемені орындауға кедергі жасайтын заңнамадағы өзгерістер сияқты еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) салдарынан болса, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамау, тиісті дәрежеде орындамау жауапкершілігінен босатылады.
10.2. Шарт бойынша Тарап әрекетті орындауы тиіс уақыт аралығы, егер осы уақыт аралығында әрекетке немесе қызметке қажеттілік сақталатын болса, форс-мажормен байланысты әрекетті орындауға қабілетті болмаған мерзімге ұзартылады.
10.3. Форс-мажор жағдайы басталған Тарап Форс-мажордың басталғаны туралы келесі Тарапқа оның басталған сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей келесі Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды. Осындай жағдайлардың басталғанын хабарламау немесе уақтылы хабарламау хабарламауға немесе уақтылы хабарламауға жол берген Тарапты міндеттемелерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жауапкершілігінен босататын негіз ретінде осы жағдайға сүйену құқығынан айырады.
10.4. Форс-мажор әрекеті уәкілетті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
10.5. Егер Форс-мажор қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені Шартты бұзу туралы 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын келесі Тарапқа хабар беріп, осы Шартты бұзуға құқылы. Тараптар бұл жағдайда өзара есеп айырысу және басқа мәселелерді реттеу үшін комиссия құрады.

11. Құпиялық
11.1. Шарттың әрбір Тарапы үшінші тұлғаларға келіссөздер жүргізу, Шарт жасау және орындау барысында келесі Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық құпияны (бұдан әрі – «Құпия ақпарат») жарияламауға міндеттенеді.
11.2. Егер өз қызметтік міндеттерін орындау барысында құпия ақпарат қолжетімді болса немесе қолжетімді болатын болса, құпия ақпаратты қорғау режимі келесі Тараптың Құпия ақпаратын жарияламау туралы кез келген және әрбір өз қызметкерін және лауазымды тұлғасын хабардар ету арқылы сақталады. Бұл жағдайда хабарламада Тараптар келесі Тараптың Құпия ақпаратын жариялағаны үшін мұндай қызметкер немесе лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінін хабардар етеді.
11.3. Құпия ақпаратты үшінші тарапқа беру, жариялау немесе жария ету келесі Тараптың алдын ала жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай ақпаратты алуға тікелей уәкілетті етілген органдардың немесе лауазымды тұлғалардың талап етуімен іске асырылуы мүмкін.
11.4. Егер Тарап Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ашуды көздесе, ол:
a) бұл туралы Құпия ақпараттың меншік иесі болып табылатын келесі Тарапқа хабардар етіп, осындай ашуға оның алдын ала жазбаша келісімін алуға міндетті;
б) Құпия ақпаратты ашуға осындай ақпарат иегерінен жазбаша келісімді алған жағдайда, үшінші тұлғадан оған ұсынылатын Құпия ақпаратты жарияламау талаптарын сақтау туралы алдын ала жазбаша міндеттемені алуы тиіс.

12. Дауларды шешу тәртібі
12.1. Шартқа қатысы бар барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
12.2. Егер Тараптар ымыраға келе алмаса, онда дауды шешу үшін, Тараптардың бірі тиісті жазбаша шағымды жіберген мезеттен бастап 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін, келіспеушіліктерді реттеу үшін Тараптар Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, соттың қарауына жүгінуге (шарттық соттылық) құқылы.

13. Шарттың қолданылу мерзімі мен бұзу тәртібі
13.1. Осы ШартИнтернет желісінде, Сайыс Ұйымдастырушысының сайтында qazaqgeography.kz мекен-жайы бойынша орналастырылады және ҚР заңнамасына сәйкес оныңталаптарын толық және сөзсіз қабылдаумен (акцептпен), осы Шартты жасау туралы адамдардың белгісіз бір шеңберіне Ұйымдастырушының офертасы (жария ұсынысы) болып табылады.
13.2. Осы Шарт келесі жағдайларда:
13.2.1. Тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта;
13.2.2. егер фотосурет Шартта және Ережелерде баяндалған Ұйымдастырушының талаптарына жауап бермейтін болса, Ұйымдастырушының бастамасы бойынша. Сайыс жеңімпазы бола алмаған Қатысушымен Шарт сайыстың барлық жеңімпаздарын жариялағаннан кейін автоматы түрде бұзылады;
13.2.3. ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге негіздемелер бойынша бұзылуы мүмкін.
13.3. Осы Шартқа Ұйымдастырушымен енгізілетін барлық өзгертулер осындай өзгертулерді енгізіп, Ұйымдастырушының qazaqgeography.kz. Интернет-ресурсында жариялағаннан кейін 10 (он) күнтізбе күннен соң күшіне енеді: Қатысушы осы Шарт талаптарының өзгеруімен келіспеген жағдайда, бірақ Қатысушыны Сайыс жеңімпазы деп жариялағанға дейін Қатысушы тиісті өзгертулер күшіне енгенге дейін Ұйымдастырушыға осы Шарттан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы. Шарттың өзгертулері күшіне енгенге дейін Қатысушыдан жазбаша хабарлама болмаған жағдайда өзгертулер Қатысушымен қабылданған болып есептелінеді және Шарт енгізілген өзгертулерімен қолданылуын жалғастырады.

14. Тараптардың жауапкершілігі
14.1. Ұйымдастырушы мен Қатысушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе лайықсыз орындағаны үшін мүліктік және өзге заңи жауапкершілік атқарады.
14.2. Осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе лайықсыз орындаған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша басқа Тарапқа келтірілген және құжат жүзінде расталған шығындарды өтеуге міндетті.
14.3. Сайыс Ұйымдастырушысы:
14.3.1. Фотосуреттердің мазмұны мен олардың заң талаптарына сәйкестілігі үшін, авторлық құқықтардың бұзылғандығы үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтарының ықтимал бұзылуы үшін;
14.3.2. Сайыс Қатысушысының Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында Ұйымдастырушымен орналастырылған Сайыс жеңімпаздарының тізімімен танысуға мүмкіндігі жоқтығы үшін;
14.3.3. осы Шартта көзделген міндеттемелерді Сайыс Қатысушысымен орындалмағаны (уақытында емес орындалуы) үшін;
14.3.4. Сайыс қорытындылары жарияланған мезеттен бастап бір ай ішінде талап етілмеген немесе одан бас тартқан жағдайда Сайыс жеңімпазының жүлдені алмағаны үшін үшін жауапкершілік атқармайды.
14.4. Сайысқа қатыса отырып, Қатысушы осы Шартпен танысқанын және келісетінін растайды, әсіресе, бірақ бұлармен шектелмей, төмендегілермен:
14.4.1. осы Шартпен көзделген тәртіпте Сайыс жеңімпазын анықтауға;
14.4.2. Сайысты өткізу барысында Қатысушы үшінші тұлғалардың құқығын бұзумен байланысты үшінші тұлғалар тарапынан Ұйымдастырушыға қандай да бір шағымдар туындаған жағдайда Қатысушы мұндай дауларды өз бетінше шешуді өз мойнына алатындығымен;
14.4.3. Сайтта және Ұйымдастырушы мен Ақпараттық серіктестің Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында, Сайыспен Ұйымдастырушы туралыақпаратты жариялайтынөзге бұқаралық ақпарат құралдарында осы Шарттың талаптарына сәйкес Сайыс Қатысушысы туралы ақпараттарды жариялауға, фотосуреттер мен фото-тарихтарды жариялауғаөзінің келісетінін растайды.
14.5. Сайыс Ұйымдастырушысы:
14.5.1. Ұйымдастырушының ырқынан тыс туындағансебептер бойынша,Қатысушының Ұйымдастырушының хабарламаларын уақытылы емес алуына немесе алмауына алып келген пошта, интернет, байланыс желілері жұмыстарындағы іркілістер үшін;
14.5.2. Ұйымдастырушының Шарт талаптарын орындамауына алып келген техникалық іркілістер (электр қоректендіруді және байланыс желілерін өшіру/бүлдіру,процессингтік орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі іркілістер, төлем жүйелеріндегі техникалық іркілістер) үшін;
14.5.3. Егер Қатысушының дербес мәліметтері туралы ақпарат оларды қолдану барысында тыңдау немесе байланыс арналарын басы алу нәтижесінде өзге тұлғаларға белгілі болса;
14.5.4. Егер Қатысушының дербес мәліметтері туралы ақпарат Қатысушымен дербес мәліметтерді сақтау және қолдану талаптарын сақтамау нәтижесінде өзге тұлғаларға белгілі болса;
14.5.5. Қатысушыда Шарт аясында Ұйымдастырушымен өзара әрекетті қамтамасыз ететін байланыс құралдарына қол жетімділік болмағаны үшін, сондай-ақ осымен байланысты Қатысушының залалдары үшін;
14.5.6. Сайысқа қатысу үшін қажетті өтінімдер мен өзге құжаттарды Қатысушымен қате толтыру салдарынан туындаған залалдар үшін;
14.5.7. Хабарламаларды жіберу үшін Қатысушының дәйексіз, шын емес және қате мәліметтерді ұсынуы нәтижесінде туындаған залалдар үшін;
14.5.8. Қатысушының дәйексіз сәйкестіндіру мәліметтерді ұсынуы нәтижесінде туындаған залалдар үшін;
14.5.9. Қатысушымен хабарламаларды жіберуге арналған мәліметтерді жаңартпағы нәтижесінде туындаған залалдар үшін жауапкершілік атқармайды.

15. Қорытынды ережелер
15.1. Осы Шартпен қарастырылмаған барлық жағдайларда Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алады.
15.2. Осы Шарт бойынша акцепт жасау Қатысушының берілген дербес мәліметтердің Ұйымдастырушымен өңделуіне келісімін білдіреді.
15.3. Ұйымдастырушы бір жақты тәртіпте осы Шарт талаптарын өзгертуге құқылы. Шарттың өзекті мәтіні Ұйымдастырушының Интернет-ресурсында орналастырылады.
QazaqGeography-ға мүшелік маған не береді?

Мүшелік абонемент QazaqGeography-ның шараларына қатысуға эксклюзивті құқық береді. Жылдық мүшелік жарна:
  • ересектер үшін — 2000 теңге,
  • студенттер мен зейнеткерлер үшін — 500 теңге
Менің фотосуретім алынып тасталынды. Неге бұлай болды?

Фотосуреттер авторлық құқықты бұзғаны үшін немесе Шарт пен Ережелер талаптарын бұзғаны үшін алынуы мүмкін.
Менде фотосуреттердің авторлық құқығы сақталады ма?

Ия, фотограф фотосуреттердің сөзсіз авторлығын сақтайды.
Менің жеке мәліметтерімді қолданасыздар ма?

Қатысушының жеке басы туралы ақпараттарды бөтен тұлғаларға бермейміз және сатпаймыз.
Фотосуреттер смартфондардан қабылданады ма?

Фотосуреттер негізгі критерийлерге жауап беруі тиіс (Менің фотосуреттерім қандай критерийлерге сәйкес болуы қажеттіні қараңыз). Біз фотосуреттерді смартфондар мен басқа мобильді құрылғылардан қабылдаймыз.
Фотосайысқа қатысу үшін мен қанша фотосурет ұсына аламын?

Бір қатысушы фотосайысқа қатысу үшін көп дегенде 10 фотосурет бере алады.
Мен фотосайыстың бірнеше немесе барлық серияларына қатыса аламын ба?

Қатысушы фотосайыстың барлық серияларына қатыса алады.
Менің фотосуреттерім қандай критерийлерге сәйкес болуы қажет?

  • JPG немесе JPEG форматында болу
  • Ұзын жағы бойынша ең кемі 2000 пикселді қамтуы
  • Файлдың ең жоғарғы көлемі 30 MB аспауы қажет.
2017 жылғы «Менің Қазақстаным»

2017 жылғы «Менің Қазақстаным»

Этикалық нормалар: Кадрлар жасау үшін жануарлар мен қоршаған ортаны қосқанда, түсіру объектілеріне зиян келтірмеуді сұранамыз.

Сипаттамасы: Фотосуреттердің сипаттамасы анық әрі шын болуы қажет.

Фотосуреттерді өзгерту: Фотосуреттерді түзетуге рұқсат етілген, бірақ шектен тыс түзету немесе шындықты бұрмалау үшін компьютерлік технологияларды қолдану құпталмайды.

Айқындау және өңдеу: Қара-ақ өңдеуге және сүзгілерді қолдануға рұқсат етілген.

Су белгісі: Су белгілерін қолдануға рұқсат етілмейді. Фотосуреттерді қолдану кезінде біз авторларды әлеуметтік желілер беттерінде көрсетеміз.

Лайықсыз мазмұн: Мазмұны ашық, нәсілшілдік, арандатушылық, қаталдықты немесе әдепке жатпайтын қылықтарды бейнелейтін ретінде бағалануы мүмкін немесе басқалай осы Шарттың немесе Ережелердің талаптарын бұзатын фотосуреттер онлайн-галереядан алынып тасталынады және Сайысқа қатысуға жіберілмейді.