Kz Ru En

Qazaq
Geography

Qazaq Geography

QazaqGeography

Біз туралы

«QazaqGeography» – қызметі Қазақстанның географиясы, табиғаты мен мәдениеті туралы білімді елімізде және шетелде дамытуға әрі насихаттауға бағытталған коммерциялық емес республикалық қоғамдық бірлестік.

«QazaqGeography» 2013 жылы ұлттық географиялық қоғам ретінде құрылған және бүгінде 1000-нан астам мүшенің басын біріктіріп отыр, Қазақстан бойынша 11 өңірлік өкілдігі бар.

«QazaqGeography» ұжымына география, экология, тарих салалары бойынша ғылыми, зерттеу және баспа қызметімен айналысатын, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыратын сарапшылар мен ғалымдар кіреді.

Бүгінгі таңда «QazaqGeography» 50-ден астам серіктеспен ынтымақтасып отыр, бірлестікте 70-тен астам жоба іске асырылды.

БІЗДІҢ ҚҰРЫЛЫМ

  • Басшылық
  • Басқарушы Кеңес
  • Басқарма
Асқар Ұзақбайұлы Мамин, «QazaqGeography» РҚБ төрағасы
Басқарушы кеңестің төрағасы Ахметқал Рахметуллаұлы Медеу, г.ғ.д., профессор, «География институты» ЖШС директоры
Басқарушы кеңестің мүшесі Фарида Жианшинқызы Ақиянова, «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің География және табиғатты пайдалану институтының директоры
Басқарушы кеңестің мүшесі Сергей Львович Скляренко, б.ғ.к., «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» РҚБ директорының орынбасары
Басқарма төрағасы – Орман Кәрімұлы НұрбаевНурбаев Орман Каримович - Председатель Правления РОО «QazaqGeography
Басқарма төрағасының орынбасары – Артур Серікұлы Әбубәкіров
Басқарма мүшесі – Бинагүл Берікқызы Мейірманова, Бухгалтерлік есеп және экономикалық жоспарлау департаментінің директоры
Басқарма мүшесі – Әсел Нұрмұхаметқызы Әбілдина, Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры

QazaqGeography

Біздің миссиямыз

QazaqGeography – Қазақстанның бай табиғаты мен төл мәдениетін зерделеуге, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және өз білімін болашақ ұрпаққа қалдыруға деген ортақ ұмтылысқа біріккен Қазақстандықтардың ерікті географиялық қауымдастығы.

Мақсаттары мен міндеттері

Адамдарды өзін-өзі дамытуға және қоғам мен планетаның игілігіне қызмет етуге тәрбиелеу әрі шабыттандыру
Қазақстан және әлемнің табиғаты, қоғамы мен мәдениеті туралы білімді жетілдіру және тарату
Қазақстан және әлем туралы білім сапасын жақсарту бойынша қоғамдық бастамаларды қолдау
География, этнография, тарих, археология, мәдениет және соған байланысты ғылым салаларында ғылыми зерттеулерге ықпал ету
Қоршаған ортаны сақтап, қамқорлық жасау

Халықаралық серіктестер

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (705) 760 2950 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз