Kz Ru En

«Ұлытау» ұлттық паркін дамыту

Qazaq Geography

QazaqGeography

​Жобаның мақсаты



Жобаның мақсаты - Ұлытау тау жотасының табиғи және тарихи-мәдени нысандарын сақтауға жәрдемдесу. Оны «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының тиісті гранты аясында жүзеге асырады.

Міндеттер:

- тұрақты туризмді дамыту
- экологиялық туризмді дамыту
- табиғатты және оның биоалуантүрлілігін сақтау
- МҰТП-ны басқару жоспарын әзірлеу
- жергілікті халықты тарту

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Ұлытау тау жотасының табиғи және тарихи-мәдени нысандарын сақтауға жәрдемдесу
Тұрақты туризмді дамыту
Экологиялық туризмді дамыту
Табиғатты және оның биоалуантүрлілігін сақтау
МҰТП-ны басқару жоспарын әзірлеу
Жергілікті халықты тарту

QazaqGeography

Қазірдің өзінде не тыңдырылды?

2021 жылғы желтоқсанда QazaqGeography мен БҰҰДБ арасында келісім жасалды, ол бойынша «Ұлытау» МҰТП дамыту жөніндегі компоненттің бас орындаушысы «Тұран жолбарысын қайта жерсіндіруге және Ұлытау тау сілемінің табиғи және тарихи-мәдени нысандарын сақтап қалуға қолдау көрсету» жобасы шеңберінде біздің Бірлестігіміз айқындалды.

Үйлестіру кеңесі құрылды, оның мақсаты - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамыту мәселелері бойынша шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру.
Кеңес құрамына белсенділер мен қоғам қайраткерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер кірді. Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып «Ұлытау» МҰТП басшысы Айдын Серкебаев сайланды.

МҰТП қызметкерлері үшін бірқатар оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптары, сондай-ақ гендерлік тәсілді ескере отырып, баламалы қызмет түрлері мен туризмді дамыту бойынша жергілікті қоғамдастық үшін бизнес-жоспарлау бойынша тренингтер өткізілді.
Ұлттық парк аумағына кіру тобын орнату басталды.

Сондай-ақ іске асыру процесінде келесі тармақтар бар:
Ұлытау МҰТП және «Ұлытау» мұражай-қорығы басқармасының жоспарын әзірлеу және енгізу
«Ұлытау» мұражай-қорығының және «Ұлытау» МҰТП материалдық-техникалық базасын қалыптастыру: аумақты мониторингілеуге, күзетуге және патрульдеуге арналған жабдық;
Турмаршруттар бойынша рекреациялық жүктеме нормаларын айқындау бойынша зерттеулер жүргізу;
Ұлытау және Балқаш аудандары деңгейінде экобілім беру бойынша қосымша мектеп бағдарламасын әзірлеу және т.б.

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз