Kz Ru En

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту

Qazaq Geography

QazaqGeography

​Мақсаты

Ғылыми негізделген эколого-ағарту бағдарламаларын, эколого-білім беру орталығының тұжырымдамасын және жаңа туристік маршруттарды құру, сондай-ақ заманауи туристік инфрақұрылымды жайластыру арқылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту.

​Міндеттері

Мектеп оқушылары, студенттер, туристер және жергілікті тұрғындарға арналған эколого-ағарту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.
БГНПП эколого-білім беру орталығының тұжырымдамасын қалыптастыру.
Табиғатты қорғау шектеулерін ескере отырып, парктің алыс, аз зерттелген аумақтарында жаңа туристік маршруттарды ғылыми негіздеу және жобалау.
Туристік маршрутты заманауи әрі брендтелген инфрақұрылыммен жайластыру.

QazaqGeography

​Қазірдің өзінде не тыңдырылды?

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда: алдымен ғылыми-әдістемелік жұмыстар (бағдарламаларды, тұжырымдаманы және маршруттарды әзірлеу), содан кейін жергілікті жерде инфрақұрылымды жайластыру.

Қазіргі уақытта:
- Жұмыс және сарапшы тобы қалыптастырылды, эколого-ағарту бағдарламаларының тұжырымдамалары әзірленді.
- Білім беру және цифрлық материалдар жасалуда, оларды пилоттық сынау жүргізілуде.
- Жаңа маршруттарды ғылыми негіздеу үшін далалық зерттеулердің бірінші кезеңі өткізілді.

Туристік инфрақұрылымды жайластыру туристік маусымның басталуына жақын, кейінірек кезеңге жоспарланған.

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

+7 778 732-41-66

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз