Kz Ru En

«Шарын» және «Алтын Емел» ұлттық парктерінде экотуризмін дамыту

Qazaq Geography

QazaqGeography

Жобаның мақсаты

Алтын Емел және Шарын ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамыту

Жобаның мақсаты - қорық аумағының кіршіксіз тұтастығын сақтау, «Шарын» және «Алтын Емел» МҰТП-да тұрақты экотуризмді дамыту, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтарға негізделген туризмді дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту.

Міндеттер:

Туристер мен жергілікті тұрғындарды экология, эко-туризм тақырыбында ағарту, сондай-ақ аумақтарды пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау есебінен дестинациялардың экологиясын сақтау;
Ішкі туризмді насихаттау;
Туристерді дестинациялар, демалыс және ойын-сауық түрлері туралы жергілікті сату нүктелерінде де, цифрлық кеңістікте де толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
Негізгі инфрақұрылымды құру және дамыту;
Жергілікті тұрғындар мен серіктестерді тарта отырып, туристік экожүйені құру және дамыту.

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Эко-туризмді дамыту
Туристер мен жергілікті тұрғындарды экология, эко-туризм тақырыбында ағарту
Ішкі туризмді насихаттау
Туристерді дестинациялар, демалыс және ойын-сауық түрлері туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету
Негізгі инфрақұрылымды құру және дамыту
Жергілікті тұрғындар мен серіктестерді тарта отырып, туристік экожүйені құру және дамыту

QazaqGeography

​Қазірдің өзінде не тыңдырылды?

Бүгінгі таңда екі ұлттық паркте негізгі инфрақұрылым, соның ішінде көлеңкелі шатырлар, самалжай, қоқыс жәшіктері, сусыз эко-дәретханалар, бақылау алаңдары, навигация, ұялы байланыс станциялары орнатылған. 2022-2023 жылдары ұлттық парктер аумағында глэмпингтер, кэмпингтерге арналған алаңдар, визит-орталықтар орнатылып, этноауылдар құрылады.

Жобаның тағы бір мақсаты - жергілікті халықты туристік сервисті дамытуға және оның қызметіне тарту. Олар үшін жақын маңдағы ауыл тұрғындарына өз бизнесін құруға мүмкіндік беретін оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылды. Мысалы, олар қонақ үйлерді ұйымдастыра алады, кәдесый өнімдерін немесе азық-түлік өнімдерін өндіріп, сата алады.

Сонымен қатар жобаның арқасында қосымша жұмыс орындары ұйымдастырылады – визит орталықтарына басқарушы (жергілікті менеджер), гид-экскурсовод, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы, сатушы-кеңесші, қызметші/тазалаушы, даяшы, аспаз, жүргізуші, ағаш ұстасы және басқа да лауазымдарға персоналды іріктеу жоспарлануда.

QazaqGeography өз алдына ұлттық табиғи саябақтарды барынша сапалы және ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, олардың бірегейлігін, жаратылысын және табиғатымыздың тазалығын сақтай отырып, туристер үшін тартымды ету міндетін қояды. «QazaqGeography» қоғамның туған жердің табиғатына деген көзқарасын жақсы жаққа өзгертуге, бүкіл халықтың ата-бабаларымыздың ұлттық игілігі мен мұрасына деген қамқорлығын тәрбиелеуге және сіңіруге ниетті

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам