Kz Ru En

Павлодар облысы

Qazaq Geography

Мой Казахстан

Павлодар облысы

Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының Облысы, Қазақстанның ең ірі өзені – Ертістің жағасында орналасқан. 1938 жылы қаңтарда құрылған. Әкімшілік орталығы – Павлодар қаласы.

Географиясы

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстігінде — Омбы, солтүстік-шығысында — Новосібір, шығысында — Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай және Қарағанды облыстарымен, батысында Қазақстан Республикасының Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.
Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан және қазіргі уақытта 127,5 мың км2 аумақты алып жатыр. Облыс солтүстіктен Ресей Федерациясымен (Омбы облысы), оңтүстіктен — Қарағанды облысымен, шығыстан — Алтай өлкесімен және Шығыс Қазақстан облысымен, батыстан — Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.

Жер бедері

Облыстың көп бөлігі жер шарының ең үлкен жазығы болатын Батыс-Сібір жазығының оңтүстігінде орналасқан. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің бедері өте қызықты. Сары-қоңыр түске боялған шөлейт дала мен ұсақ шоқылардың арасынан сирек шыққан өсімдіктері бар кішкентай таулы-орманды оазисті көруге болады.

Гидрографиясы

Облыстың көп бөлігі жер шарының ең үлкен жазығы болатын Батыс-Сібір жазығының оңтүстігінде орналасқан. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің бедері өте қызықты. Сары-қоңыр түске боялған шөлейт дала мен ұсақ шоқылардың арасынан сирек шыққан өсімдіктері бар кішкентай таулы-орманды оазисті көруге болады.
Облыс аумағынан 140-тан астам өзен ағып жатыр. Жалғыз ірі өзен — Ертіс О.-Ш.-дан О.-Б.- қа дейін шамамен 500 км созылады және бірқатар ескі арналары мен аралдары бар. Ұсақ шоқыда Ертіске жетпей ағынсыз көлдерде аяқталатын Түндік, Ащысу, Шідерті, Өлеңті және т.б. өзендер басталады. Ертістен Ертіс — Қарағанды каналы салынды, онда бірнеше бөгеттер мен су қоймалары құрылысы бар. Облыста негізінен тұзды көлдер көп: Сілетітеңіз, Қызылқақ, Жалаулы, Шүрексор, Қарасор, Жамантұз, Қалқаман және т.б. — сол жағалауда; Маралды, Мойылды, Үлкен Әжбұлат және т.б. - оң жағалауда.
Павлодар облысында 1200 шағын көл бар. Олардың жүзге жуығы тұщы, ал қалғандары тұзды. Облыс аумағында тәулігіне 3,8 миллион текше метр пайдалану қорлары бар он бір жерасты су кен орны барланды. Олардың барлығы ішуге және суаруға жарамды.

Климаты

Павлодар облысының аумағы, Солтүстік Қазақстанның басқа облыстарының аумақтары сияқты, күрт континентті климаты бар қоңыржай белдеудің батыс-сібір климаттық облысына жатады. Қысы қатты әрі ұзақ (5,5 ай), жазы ыстық әрі қысқа (3 ай).

Тарихы

Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі дәуірде көптеген тайпалар өмір сүрген. Баянауыл ауданында, Ертіс жағасында ежелгі адам тұрақтарының іздері, тас құралдар, жебелер мен найзалардың шақпақ ұштары табылды. Мыңдаған жылдар өтіп, Ертіс өңірінде өмір сүрген түрлі тайпалардың мәдениеті өзгерді. Мұнда қимақтар, үйсіндер, каңлылар, керейлер, наймандар тіршілік еткен. Орта ғасырларда қазіргі Павлодар облысының аумағы Кимак қағанатының, Қыпшақ мемлекетінің, Алтын Орданың және Қазақ хандығының құрамына кірді. Қазіргі Павлодар аумағында қазақ хандары мен сұлтандарының ордалары болды. Павлодар облысының аумағында 19 ғасырда Орта жүз тайпалары өмір сүрген: Арғындар (Бәсентиын, Сүйіндік, Қанжығалы, Бегендік рулары), Наймандар (Бура, Терістаңбалы), Керей, Қыпшақ (Құлан), Бұлтың-қыпшақ, уақ.

Әкімшілік бөлінісі

Облысқа 10 аудан, 3 облыстық бағыныстағы қала, 7 кент, 165 ауылдық округ және 408 ауыл кіреді:
  1. Ақтоғай ауданы — әо Ақтоғай ауылы
  2. Баянауыл ауданы — әо Баянауыл ауылы
  3. Железинка ауданы — әо Железинка ауылы
  4. Ертіс ауданы — әо Ертіс ауылы
  5. Тереңкөл ауданы — әо Тереңкөл ауылы
  6. Аққулы ауданы — әо Аққулы ауылы
  7. Май ауданы — әо Көктөбе ауылы
  8. Павлодар ауданы — әо Павлодар қаласы (аудан құрамына кірмейді)
  9. Успен ауданы — әо Успен ауылы
  10. Шарбақты ауданы — Шарбақты ауылы
  11. Ақсу қаласы
  12. Павлодар қаласы
  13. Екібастұз қаласы

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз