Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы «20» маусым
«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызметтің жалпы сомасы 23 000 000,00 (жиырма үш миллион) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
- «Функционалдық аймақтарды бөле отырып, өңірді ландшафттық жоспарлауды, кешенді экологиялық-экономикалық бағалауды жүргізу және жерді пайдалану стратегиясын әзірлеу».
Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында келтірілген (техникалық ерекшелік).
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «24» маусымда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.
Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «27» маусымда сағат 10.00-де өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет