19 тамыз, 02:29

Орыс географиялық қоғамының 175 жылдық мерейтойына және бүкілресейлік мереке - Географ күніне арналған QGquiz «Ресей кеңістігіне саяхат» интеллектуалдық викторинасының барлық қатысушыларына рахмет

Құрметті достар!


QazaqGeography Орыс географиялық қоғамының сайтында тіркелген «Ресей кеңістігіне саяхат» халықаралық викторинасының барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.
Ойынға қатысушылардың барлығы белсенділігімен көзге түсе отырып, интеллектуал екенін, эрудициясын, оқымыстылығын, терең білімін көрсете алды!
«QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінен 1, 2 және 3 орын алып дипломдармен марапатталған жеңімпаздар, барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген және осындай дамытушы викторинада креативтілік танытқан қатысушылар болып шықты:
1 орын - Лариса Брехт;
2 орын - Денис Горшков;
3 орын - Андрей Хлыбов.
Сіздерге викторинаға қатысу өте ұнады деп үміттенеміз және сіз саяхат әлеміне еніп, Орыс географиялық қоғамының жетістіктерімен танысып, әлемді ойын түрінде білуге мүмкіндігіңіз болды деп сенеміз!
Таным - өте қызықты процесс. Кез келген табылған жауап жаңа ізденіске, нақтылауға, ойланысқа себеп болады. Кейбір сөздерді бірінші рет кездестіріп, белгілі нәрсе туралы басқа да қызықты мәлімет, белгісіз егжей-тегжейлі ақпарат білесіздер. Тағы да рахмет, басты қорытынды - алған біліміңіз.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бәрекелді! Жарайсыңдар!




Z10G9D2 Қазақстан, Нур-Султан
Абай даңғылы, 22

Жалпы мәселелер:

info@q-g.kz
8 (7172) 999 336 (вн. 1014)
+7 701 522 91 91

Экспедициялар, іс-шаралар:

events@q-g.kz

БАҚ-пен жұмыс:

press@q-g.kz
Наверх