Астана: тарих кезеңдері
Арнайы жоба
Астана: тарих кезеңдері
Арнайы жоба
Астана – 2018 жылы жиырма жыл толатын ең жас астана. Қазіргі Астана қаласының тарихы XIX ғасырдың 20-шы жылдары, үлкен аумақты игеру үшін әскери бекеттер мен станицалардың құрылуынан бастауын алады. 1830 жылы Есіл өзенінің оң жағалауында Ақмола бекінісітұрғызылған уақытында, қазіргі қала аумағы Кенесары, Сарыарқа және Желтоқсан көшелері шегінде орналасқан. Нәтижесінде бекініс өзінің әскери маңызын жоғалта бастады, ал аумақтың қолайлы орналасуы әскери гарнизон қонысын, басында сауда-саттық қалашығына,кейін облыс орталығына, тың игеру орнына, ал 1998 жылы егемен Қазақстанның астанасына ауыстырылуына әкелді.

«Астана: тарих кезеңдері» порталы – Астананы әр түрлі жылдар, оқиғалар мен тарихтар призмасынан ашатын, «Астана» Халықаралық ғылыми кешені жүзеге асырылған жоба.

Мемлекеттік мұрағаттық материалдармен, кітаптармен, журналдар және газеттерден алынған фотосуреттермен, сондай-ақ астаналықтардың жеке мұрағаттарымен жұмыс істей отырып, біз қаланың тарихын XIX-XXI ғасырдың әр түрлі кезеңдерінде байқауға тырыстық.

Бұл порталда қаланың қарапайым әскери бекіністен Қазақстанның астанасына дейін қалыптасу тарихын шолып, соңғы 20 жылда қаланың қалалық шекарасының өзгеру динамикасын қадағалай аласыз, қалалық фотосуреттер каталогын толтырып және фото сурет арқылы, сіз білетін сол уақыттағы Астана туралы әңгімелей аласыз.

Тақырып
1997
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның астанасын Ақмолаға көшіру туралы жарлыққа қол қойды
1998
«Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауын Астана қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы деп өзгерту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты
1998
ЮНЕСКО Астанаға «Әлем қалалары» атағын берді және астанаға медаль тапсырылды
2000
Астана бас мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болды
2002
Елорданың басты символы - «Бәйтерек» монументі салынды
2003
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі өтті. Форумға ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа да діндердің көрнекті өкілдері қатысты
2004
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясының салтанатты ашылуы
2006
Сәулетші Норман Фостердің құрған бейбітшілік пен келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II конгресі өтті
2008
Астана өзінің 10 жылдығын тойлайды
2009
Авторлары Сарсенбек Жунусов пен Жанбыршы Нуркенов «Қазақ елі» монуметі ашылды
2010
Әлемдегі ең үлкен шатыр 150 м биіктікте және жалпы аумағы 127 мың м2- «Хан Шатыр» СОО ашылды
2010
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті
2011
VII қысқы Азия ойындары. Ашылу салтанаты 2011 жылдың 30 қаңтарында «Астана-Арена» стадионында өтті
2012
«Хазрет Сұлтан» мешіті ашылды - Орталық Азиядағы алғашқы ірі жоба
2013
Өзіннің алғашқы театр маусымын «Астана Опера» театры ашты
2014
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының, Орталық Азиядағы ең ірі және ең жас мұражайының ашылуы
2015
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла II, Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинисто және 42 елден 80-ден астам делегация қатысты
2017
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі. Көрменің тақырыбы - «Болашақтың энергиясы». ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 мемлекет пен 10-нан астам халықаралық ұйымдар қатысты
2018
Астана өзінің 20 жылдығын атап өтеді

Астананың интерактивті картасы

Астананың интерактивті картасы
Ақмола бекінісі
Қазіргі заманғы Астана қаласының тарихы XIX ғасырдың 20-жылдары Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосыла бастаған, даланың кең-байтақ аумағын бағындыру үшін әскери желілер мен бекіністер салына бастаған кезден бастау алады.

1830 жылы Есіл өзенінің оң жағалауында Ақмола бекінісі бой көтерді, оның аумағы қазіргі Кенесары, Сарыарқа және Желтоқсан көшелерінің ішінде орналасқан (1-сурет). Бекініс бес бастионнан тұратын шаршы пішінде, орталық солтүстік бастион аласа мұнарадан тұрды (2-сурет). Бекініс негізінен казармалардан, жартылай жер үйлер, қоймалар және ат қораларынан тұрды.

1842 жылы Ақмола округінің аға сұлтаны Қ.Құдаймеңдиннің қаражатына бекініс қабырғасының сыртында екі қабатты ағаштан салынған мешіт тұрғызылды. 1845 жылы Ақмола бекінісі тұрғындарының саны шамамен 2000 адам болды.

Ақмола
Уақыт өте келе бекініс өзінің әскери маңыздылығын жоғалта бастады, демобилизацияланған сарбаздар бекіністен батысқа қарай (Солдатская слободка), казактар шығысқа (Казачья станица), ұсақ саудагерлер, колөнершілер, шенеуніктер және байырғы тұрғындар солтүстікке (Қала) көшті (сурет 3). Осылайша, Ақмола бірнеше бөлікке бөлінді, орталық бөлікте қалалық әкімшілік ғимараттар, қонақ үй, өрт мұнарасы салынды.

Ақмоланың керуен жолдардың тоғысында ұтымды орналасуы оның әскери гарнизон қонысынан уездік сауда-саттық қалашығына ауысуына себеп болды. Мұнда маусымдық жәрмеңкелер өткізіле басталды, шаруалар көшіп кеп, қалашық кеңейіп, саманнан және ағаштан құрастырылған үйлерден тұратын жаңа тұрғын үй кварталдары пайда бола бастады.

Бақуатты кісілер (саудагерлер мен өнеркәсіпшілер) дербес үйлерді, дүкендерді, қоймалар мен кіріс орындарын салуға кірісті. Бүгінгі күнге дейін сақталған, көпес Кубриннің, көпес Семеновтың, көпес Моисеевтің үйлері осы уақытта салынған.

1910 жылы халық саны 13 000 адамды құрады. 1939 жылы қазанда Ақмола облыс орталығы болып бекітілді, екінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта мұнда 6 кәсіпорын жұмыс істеді, оның ішінде үшеуі – республикалық маңызы бар кәсіпорындар болды, қала халқының саны 32,5 мың тұрғынды құрады. Соғыс уақыты қаланың экономикалық әлеуетінің даму қарқынына әсерін тигізді, өнеркәсіп кәсіпорындардың саны екі есеге өсті, одақтық маңызы бар зауыттар пайда болды, Ақмола темір жол торабы Қарағанды темір жолының маңызды буыны болды. Темір жол станциясы маңында теміржолшылар тұратын кент пайда салынды, онда екі қабатты коттедждік және көп пәтерлі 2-3 қабатты секциялық үйлер салынды. Сол уақытта теміржолшылар мәдениет үйі, «Есіл» қонақ үйі тұрғызылды.

Целиноград
Қала дамуының келесі маңызды кезеңі – тың игеру кезеңі: 1960 ж. 26-желтоқсанда Тың өлкесінің құрылуы туралы Жарлық шықты, бұл кезде қалада халық саны 100 мыңға жеткен болатын, ал 1961 жылы Ақмола қаласының атауы Целиноград болып өзгертілді. 1963 жылы қала шетінде бірінші шағын аудан құрылысы басталды. Осы уақытта медициналық, педагогикалық, инженерлік-құрылыс институттары, техникумдар мен осы оқу орындарының жатақханалары берілді. Панельдік тоғыз қабатты үйлер 1967 жылы салынды, ал 1970 жылы Целинник даңғылы (қазіргі Республика даңғылы) бойында ескі бұзылған үйлер орнына бес, тоғыз, он екі қабатты үйлер тұрғызылды, «Турист» қонақ үйі және Жастар сарайы салынды.

1986 жылғы қаланың бас жоспары қалалық кешендерді дамытуға және жеке құрылысты дамытуға бағытталды. «Агрогородок», «Заводской», «Западный», «Молодежный» ықшам аудандары – осы кезең жобалары. 1987 жылы Есіл өзені бойындағы қаланың шығыс және батыс шеттері саяжай орындары ретінде игеріле бастады. Қала теміржол осі бойынша дамыды.

1992 жылы 6 шілдеде Целиноградқа өзінің тарихи атауы Ақмоланы қайтарды. Ақмола қаласының халқы саны ол уақытта шамамен 280 мың адамды құрды.

Астана
1997 жылы 10-желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы – республиканың әкімшілік орталығы мәртебесін алды, ал 1998 жылы 6-мамырда қала атауы Астанаға өзгертілді. Астананы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін заңды мәртебесін рәсімдеумен бірге астананы бас қалаға ауыстырудың ұйымдастыру-техникалық жұмыстары қатар жүргізілді. Екі жыл ішінде әкімшілік ғимараттарға күрделі жөндеулер жүргізіліп, үкіметтік және мемлекеттік органдардың кеңселеріне ыңғайландырылды, мемлекеттік қызметкерлерге пәтерлер салынды, көшелер абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Осы уақытта өзен арнасын түзету, түбін тереңдету мен Есіл өзенінің жағалауын жаңарту бойынша жұмыстар басталып кеткен болатын, "Синема-Сити" кинотеатры мен жаяу-сауда галереясы ашылды.

1999 жылы жаңа "Самал" шағын ауданы, дипломатиялық қалашық, қаржы Министрлігінің ғимараты мен "Қазақстан" спорт сарайы салынды. 2001 жылы ҚР Үкіметі атақты жапон сәулетшісі, доктор К. Куросава бастаған зерттеу тобы әзірлеген Астананың Бас жоспарын бекітті. Құрылыстың негізгі фронты Есіл өзенінің сол жағалауына ауыстырылды, ол жақта қаланың жаңа орталығы Сулы-Жасыл гүлзарының құрылысы жүргізілді. Осы уақытта Қазақстанның символ-монументі «Бәйтерек», астаналық алғашқы зәулім ғимарат Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, Министрліктер үйі, цирк, океанариум, "Мега Астана" СОО, дөңгелек алаң ғимараттар кешені, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа корпустары, сонымен қатар сәулеті ерекше "Изумрудный квартал", "Северное сияние", "Триумф Астана" тұрғын үй кешендері салынды.
Астана — столица Казахстана

Астана қаласының даму қарқыны 2001 жылғы бас жоспарының жобалық параметрлерінен асып түсті, соның нәтижесінде 2008-2011 жылдары, бас жоспарға түзетулер енгізілді. Осы жобаға сәйкес, қалада «Мыңжылдық аллеясы» пайда болды, ол Сулы-Жасыл бульвардың (қазіргі «Нұржол» бульвары) логикалық жалғасы болды.

Астананың қазіргі келбетінің қалыптасуына әсер еткен тағы бір маңызды оқиға - «жасыл» технологияларға арналған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі болды. Көрменің орналасуы 2014 жылдың бас жоспарын түзетуге де себеп болды. ЭКСПО-2017 қорытындысы бойынша қалада көптеген бірегей сәулет нысандары пайда болды, сонымен бірге «жасыл» технологиялар енгізілді. Ауқымды құрылыс жұмыстары бүгінгі күні де жалғасуда, қала барлық бағытта дамып, жаңа аймақтар пайда болуда. 1998 жылдан қала құрылыс ауданы екі есе артты (75,6-дан 176,8 мың гектарға дейін).

Осылайша, қала пайда болған кезінен бастап Есіл жағасында орналасқан кішігірім әскери бекінісінен Қазақстанның астанасына және ауқымды іс-шаралар өткізуге сенімді халықаралық деңгейдегі ірі қалаға деңгейіне дейін өсті.

«Астана» халықаралық ғылыми кешені 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру және сараптамалық-талдамалық институт.