23 қазанда QazaqGeography ұйымы Зоология институтының және «Шекарасыз жабайы табиғат» коммерциялық емес ұйымының сарапшыларымен бірлесіп, Меркі өңірлік паркінің қызметкерлері үшін фототұзақтарды орнату бойынша тәжірибелік іс-шара өткізді.
Іс-шара қар барысын қорғау және мониторингтеу мәселелеріне арналды. Жобаға Pangje қоры мен халықаралық Snow Leopard Network желісі қолдау көрсетті.
Жобаның мақсаты — қар барысын бақылау саласында Меркі өңірлік паркі мен Меркі орман шаруашылығы қызметкерлерінің білімін және практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың табиғат пен адам арасындағы қақтығыстарды азайтуға бағытталған тұрақты тәсілдер туралы хабардарлығын арттыру және табиғатты қорғау саласындағы жергілікті көшбасшылардың әлеуетін кеңейту.