Kz Ru En

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Алтын Емел» МҰТП тарихи-мәдени мұра объектілерін түгендеу, оларды оқу, танымдық және туристік мақсаттарда пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен орындылығына талдау жүргізу (болашақ зерттеу объектілерінің әлеуетін бағалау және іріктеу)» қызметін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Qazaq Geography

Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы «02» маусым


«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызметтің жалпы сомасы 14 000 000,00 (он төрт миллион) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:

- «Алтын Емел» МҰТП тарихи-мәдени мұра объектілерін түгендеу, оларды оқу, танымдық және туристік мақсаттарда пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен орындылығына талдау жүргізу (болашақ зерттеу объектілерінің әлеуетін бағалау және іріктеу)».

Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында келтірілген (техникалық ерекшелік).

Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «07» маусымда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.

Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «08» маусымда сағат 10.00-де өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз