Kz Ru En

Жібек жолы (III кезеңі) Бірінші Субөңірлік Конференциясы: Мәдени Мұраны Сақтаудағы Маңызды Қадам

2023 жылғы 23-25 ​​қазан аралығында Әзербайжан Республикасының астанасы Бакуде ЮНЕСКО және Жапония Траст қорының (JFit) қолдауымен Жібек жолы жобасының Бірінші жыл сайынғы Субөңірлік конференциясы (III кезең) өтті. Іс-шара ежелгі сауда жолы жүйесінің тарихи мұрасын сақтау үшін сарапшылар мен ұлттық комиссия жетекшілерін біріктірді.

Бұл айтулы іс-шараны Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Әзірбайжан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ассамблеясының қолдауымен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығы мен Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты (ОАЗХИ) және Әзірбайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға «Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясының жұмыс тобының құрамына кіретін ұлттық үйлестірушілер мен сарапшылар жиналды. Сонымен қатар, іс-шараға ЮНЕСКО, Тейкио университеті, UCL және ОАЗХИ өкілдері жиналды. Ұлттық сарапшылар Еділ-Каспий Жібек жолы дәлізімен байланысты объектілерді анықтау және құжаттау процесінің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ оның әлеуетті құрамдас бөліктерінің сақталу жағдайына баға берді.
Қазақстан тарапынан ҚР ҒЖБМ ҒК «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарасты «Қазреставрация» РМК, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы және «QazaqGeography» РҚБ.
Конференцияның басты мақсаты - жобаны жүзеге асырудағы бас жоспар бойынша келісімге келу, жол картасын әзірлеу және «Еділ-Каспий Жібек жолы дәлізін» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ұсыну үдерісін үйлестіру механизмін құру болды.
Конференцияда қазақстандық сарапшылар «Жібек жолын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үдерісін қолдау (Еділ-Каспий сауда жолы)» жобасы аясындағы негізгі зерттеу бағыттары туралы баяндама жасады. Сарапшылар ЮНЕСКО ұсынған мұраны дайындау үшін тарихи-мәдени және археологиялық нысандарды таңдаудың негізгі критерийлерін анықтады.
«QazaqGeography» бас менеджері Аида Табелинова Каспий теңізі деңгейінің ауытқуының негізгі себептері мен салдарын және олардың сауда траекториясымен байланысы туралы сөз қозғады. Географ өз баяндамасында Жібек жолының Еділ-Каспий тармағының көлік дәлізі, серияаралық трансұлттық номинацияны дайындауда пәнаралық тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қоса, маман 2023 жылғы 4-8 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында өткен ЮНЕСКО-ның бірінші практикалық семинарының нәтижелерімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде Баку резолюциясы қабылданды. Оның негізі Еділ-Каспий Жібек жолы дәлізінің мұрасын қамтитын кешенді ғылыми зерттеулер жүргізудің маңыздылығын меңзеп, жүйелі байланыстар орнату, үйлестіру және кандидаттарды ұсыну процесін тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті. Аталмыш іс-шара Жібек жолының мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа сақтау және насихаттаудағы маңызды қадам болды.
< Артқа

Басқа жаңалықтар

13.09.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
20.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
12.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
30.10.2023
Жібек жолы (III кезеңі) Бірінші Субөңірлік Конференциясы: Мәдени Мұраны Сақтаудағы Маңызды Қадам
Оқыңыз >
26.10.2023
Омбы кадет корпусы «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабымен танысты
Оқыңыз >
05.10.2023
Тұрақты болашақ үшін жас көшбасшыларды біріктіру
Оқыңыз >
28.09.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ЦИФРЛАР
Оқыңыз >
19.09.2023
QazaqGeography және Urbanitarium Astana әлеуметтанудан дәріс ұйымдастырды
Оқыңыз >
05.09.2023
Батыс Қазақстан тарихының ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін
Оқыңыз >
14.08.2023
Қазақстанның жасырын туристік асыл тастарын ашу: баспасөз турының тарихы
Оқыңыз >
10.08.2023
QazaqGeography кеңсесіне әр түрлі елдерден келген журналистер мен блогерлер келді
Оқыңыз >
01.08.2023
Қазақстандық саяхатшы жер шарын жаяу араламақшы
Оқыңыз >
28.07.2023
Қазақстанға келген туристер саны үш есе артқан
Оқыңыз >
30.06.2023
"Алтын Емел" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Altynemel сапар-орталығының ашылуы
Оқыңыз >
21.06.2023
Алтын-Емел ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылады
Оқыңыз >
19.06.2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ TOP-5 ТУРИСТІК ҚАЛАЛАРЫ
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандық студенттер география пәнінен халықаралық Олимпиадаға қатыса алады
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандағы киік саны 1,9 млн. асты 23 мамыр 2023 - 16:03
Оқыңыз >
12.05.2023
Қазақстандағы туристер ағыны 11%-ға өсті
Оқыңыз >
08.05.2023
Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің Географиялық кеңесі құрылды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстандық зерттеуші табиғатты қорғау саласындағы беделді сыйлыққа ие болды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстанда бірегей қызғалдақтар гүлдеді
Оқыңыз >
14.04.2023
Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды
Оқыңыз >
05.04.2023
Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді
Оқыңыз >
24.03.2023
Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өз кітабын QazaqGeography қабырғасында таныстырды.
Оқыңыз >
20.03.2023
Астанада сарапшылар экотуризмнің дамуын талқылады
Оқыңыз >
13.10.2022
QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Оқыңыз >
29.09.2022
Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Оқыңыз >
29.09.2022
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
Оқыңыз >
27.09.2022
Шарында жыл соңына дейін туристерге арналған заманауи визит-орталықтар пайда болады
Оқыңыз >
09.07.2022
Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық өз жұмысын бастады
Оқыңыз >

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз