Бұл музей 2020 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген геологы, академик, QazaqGeography мүшесі Олжабай Исмаиловтың бастамасымен ашылды. Қысқа уақыт ішінде музей оқушылар, студенттер және табиғаттың тылсым сырларына қызығатын жандар үшін танымал орталыққа айналды.
Мұнда 750-ден астам ерекше экспонаттар бар: самород алтын, мыс, темір, аметист, зүбаржат, топаз, танзанит, чароит, нефелин және тіпті тасқа айналған ағаштар! Әр минерал өзінің тарихын баяндап, балаларды геология мен табиғат әлеміне жетелейді.
Музей экспозициясы Қазақстанды ғана емес, Ресей, Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка және Австралия елдерінен келген минералдармен толықтырылған.
QazaqGeography жас ұрпақты шабыттандыратын бұл музейге баруды ұсынады! Бұл – балалардың таным көкжиегін кеңейтетін, зерттеушілікке қызығушылығын арттыратын ерекше сапар болмақ.


