Kz Ru En

Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Алматы қ.

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Жетісу облысының Басши ауылында ұлттық паркте визит-орталықты орнату және қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдауларды өткізудің бастамашысы «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі құрамындағы заңды тұлғалар консорциумы болып табылады.

Аумағы 552,6 шаршы метрді құрайтын визит-орталықты Конаев қаласынан 64 шақырым жерде орналасқан «№1 Пост» кордонының аумағында орнату жоспарлануда. Визит-орталық қоршаған ландшафтқа үйлесімді заманауи ғимарат, сәулет және түстен тұратын болады. Мұнда туристер маршруттар туралы ақпарат ала алады, табиғаттағы жүріп-тұру тәртібі туралы нұсқаулық алады, демалады, жабдықтарды жалға алып, жергілікті кәдесый өнімдерін сатып алады, сонымен қатар тамақтану орнына таба алады.

Орталықты салу кезінде экологиялық қауіпсіз материалдарды басым түрде пайдалану көзделеді.
Қоғамдық тыңдаулар аясында халыққа «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ҚОӘБ бойынша жұмыс нәтижелері ұсынылды. Пайдалануға ұсынылатын барлық учаскелерді зерттеуді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) сарапшылары, оның ішінде зоолог, ботаник, инженер-эколог, экотуризм жөніндегі маман жүргізді.

Визит-орталықты орнатумен байланысты қоршаған ортаға әсері туралы ҚБСА ғылым жөніндегі директоры, биология ғылымдарының кандидаты Сергей Скляренко баяндама жасады.

«Құрылысқа арналған учаскені ұлттық парктің әкімшілігі қоршаған ортаға әсер ету деңгейін ескере отырып таңдады. Зерттеу жүргізу кезінде визит- орталыққа қауіптің 4 санаты берілген, қоршаған ортаға әсері минималды, өйткені жоспарланған құрылыс учаскесіне жақын жерде сирек кездесетін жануарлар өмір сүрмейді және өсімдіктердің сирек түрлері өспейді. Барлық ағынды сулар контейнерлерге жиналып, жақын маңдағы елді мекендерді тазарту үшін шығарылады», - деді Сергей Скляренко.

Сонымен қатар, сарапшы жобаның әлеуметтік-экономикалық ортаға оң әсерін атап өтті. Визит-орталықты орнату халық үшін жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру, жергілікті бизнесті тарту, қосымша инвестициялар тарту, бюджетке аударымдарды ұлғайту және т. б. бойынша мүмкіндіктер ашады.
Тыңдауды ұйымдастырушылар визит-орталық мәдени және танымдық іс-шаралардың орнына айналатынын атап өтті.

«Бұл саябақтың табиғаты мен тарихымен танысуға, эко-ағартуға және экологияға деген қамқорлықты насихаттауға арналған кеңістік. Біз табиғатта демалу мәдениетін арттыруға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған танымдық іс-шараларды тұрақты негізде өткізетін боламыз, сондай-ақ қызықты дәріскерлерді шақыруды, тақырыптық конференциялар, семинарлар өткізуді, қоқыс пен вандализм сияқты проблемалар туралы әңгімелеуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «QazaqGeography» РҚБ өкілі Томирис Мұсаева.

Визит-орталықтың құрылысы шамамен 3 айға созылады, оның ашылуы 2022 жылдың соңында жоспарланған. «QazaqGeography» РҚБ орталықта жұмыс жасайтын қызметкерлер жергілікті тұрғындар арасынан іріктелетінін деп атап өтті.
Тыңдауға Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Басши ауылының тұрғындары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, «QazaqGeography» РҚБ 2021 жылдан бастап «Алтын-Емел» және «Шарын» ұлттық парктерінде экологиялық туризм мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаны жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде саябақтарда үлкен жұмыс жүргізілді, атап айтқанда сусыз негізде жұмыс істейтін күркелер, көлеңкелі бастырмалар, ауыз су бұрқақтары, қарау алаңдары, навигация және эко-дәретханалар орнатылды.


Анықтама үшін:
«QazaqGeography» – бұл Қазақстанның бай табиғаты мен өзіндік мәдениетін зерделеуге, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және өз білімін болашақ ұрпаққа беруге ортақ ұмтылысымен біріккен азаматтардың ерікті географиялық қоғамдастығы «QazaqGeography» ұлттық географиялық қоғам ретінде 2013 жылы құрылған және бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша 1 000-нан астам мүшесі бар 11 өңірлік өкілдікке ие.
< Артқа

Басқа жаңалықтар

13.09.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
20.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
12.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
30.10.2023
Жібек жолы (III кезеңі) Бірінші Субөңірлік Конференциясы: Мәдени Мұраны Сақтаудағы Маңызды Қадам
Оқыңыз >
26.10.2023
Омбы кадет корпусы «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабымен танысты
Оқыңыз >
05.10.2023
Тұрақты болашақ үшін жас көшбасшыларды біріктіру
Оқыңыз >
28.09.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ЦИФРЛАР
Оқыңыз >
19.09.2023
QazaqGeography және Urbanitarium Astana әлеуметтанудан дәріс ұйымдастырды
Оқыңыз >
05.09.2023
Батыс Қазақстан тарихының ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін
Оқыңыз >
14.08.2023
Қазақстанның жасырын туристік асыл тастарын ашу: баспасөз турының тарихы
Оқыңыз >
10.08.2023
QazaqGeography кеңсесіне әр түрлі елдерден келген журналистер мен блогерлер келді
Оқыңыз >
01.08.2023
Қазақстандық саяхатшы жер шарын жаяу араламақшы
Оқыңыз >
28.07.2023
Қазақстанға келген туристер саны үш есе артқан
Оқыңыз >
30.06.2023
"Алтын Емел" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Altynemel сапар-орталығының ашылуы
Оқыңыз >
21.06.2023
Алтын-Емел ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылады
Оқыңыз >
19.06.2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ TOP-5 ТУРИСТІК ҚАЛАЛАРЫ
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандық студенттер география пәнінен халықаралық Олимпиадаға қатыса алады
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандағы киік саны 1,9 млн. асты 23 мамыр 2023 - 16:03
Оқыңыз >
12.05.2023
Қазақстандағы туристер ағыны 11%-ға өсті
Оқыңыз >
08.05.2023
Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің Географиялық кеңесі құрылды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстандық зерттеуші табиғатты қорғау саласындағы беделді сыйлыққа ие болды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстанда бірегей қызғалдақтар гүлдеді
Оқыңыз >
14.04.2023
Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды
Оқыңыз >
05.04.2023
Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді
Оқыңыз >
24.03.2023
Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өз кітабын QazaqGeography қабырғасында таныстырды.
Оқыңыз >
20.03.2023
Астанада сарапшылар экотуризмнің дамуын талқылады
Оқыңыз >
13.10.2022
QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Оқыңыз >
29.09.2022
Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Оқыңыз >
29.09.2022
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
Оқыңыз >
27.09.2022
Шарында жыл соңына дейін туристерге арналған заманауи визит-орталықтар пайда болады
Оқыңыз >
09.07.2022
Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық өз жұмысын бастады
Оқыңыз >

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз