
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісіне жаңа әдістерді енгізу жолдарын талқылау. Бағдарлама аясында заманауи білім беру философиялары, педагог-фасилитаторлардың рөлі және географиялық білім беру саласындағы әртүрлі мекемелермен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Кездесудің маңызды нәтижесі – «Qazaq Geography» РҚБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл білім беру саласында тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
