QazaqGeography Басқарма Төрайымы Айгерім Мусагажинова экология саласындағы әйелдер көшбасшылығының маңыздылығын атап өтті:
Негізгі талқыланған тақырыптар:"Әйелдер табиғатты қорғауда және экологиялық сана қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың бастамалары, ісіне адалдығы және өзгерістерге ұмтылысы қоғамды шабыттандырады және бізді тұрақты болашаққа жетелейді."
✔ Қоршаған ортаны қорғаудағы әйелдер үлесі – шынайы оқиғалар мен жетістіктер.
✔ Экологиялық ағарту және оның маңызы – табиғатты ұқыпты пайдалануға үйрету.
✔ Биологиялық әртүрлілікті сақтау, қалдықтарды бөлек жинау және экологиялық білім беру.
Бізді шабыттандырған спикерлер:
Касымова Мариям, экоблогер және Дармарка қозғалысының негізін қалаушы. Ол өзінің бастамасы арқылы 3 тоннадан астам қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды жинауға көмектескенін айтты және қалдықтарды бөлек жинау – бұл тек тренд емес, қажеттілік екенін атап өтті.
Назерке Бижанова, PhD, түркістан сілеусінінің сирек кездесетін түрінің маманы. Ол бұл түрді сақтаудағы негізгі қауіптерді атап өтіп, экологиялық ағартудың биологиялық әртүрлілікті қорғаудағы маңызды құрал екенін айтты.
Дария Гылымыжанкызы, экотренер. Ол экологиялық тәрбиені бала кезден бастау керек екенін, ерте жастан экологиялық сананы қалыптастыру – Қазақстанның тұрақты болашағы үшін өте маңызды екенін айтты.
Бұл кездесу біздің планетамыздың болашағына бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіруде маңызды қадам болды.