Баянауылда «Хан Қорық – 2025» экожастар фестивалі өтті
22.08.2025
11–15 тамыз аралығында Баянауыл ұлттық паркінде парктің 40 жылдығына орай «Хан Қорық – 2025» республикалық экологиялық жастар фестивалі өтті. Шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген 50-ге жуық студент пен жас белсенді қатысты. Бес күн бойы қатысушылар климаттық өзгерістер, биоалуантүрлілік, жасыл қаржыландыру және тұрақты туризм мәселелерін талқылады.
Фестиваль QazaqGeography, National Conservation Initiative және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. «Жастарды экологиялық ағартуға жұмылдыру – елдің жасыл болашағына салынған инвестиция», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.