Kz Ru En

ҚАЗАҚСТАННЫҢ TOP-5 ТУРИСТІК ҚАЛАЛАРЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ТОП-5 туристік қалаларының тізімін жарияланды.

2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% - ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, Kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30%-ға дейін қаражат үнемдей алады.

5 ОРЫН. АҚТАУ
Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал, жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.
4 ОРЫН. АТЫРАУ
Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек, жазғы маусымда Атырауға келушілер саны артатын болады.
3 ОРЫН. ШЫМКЕНТ
Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез-келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағы демалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.
2 ОРЫН. АСТАНА
Астана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.
1 ОРЫН. АЛМАТЫ
Тау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
< Артқа

Басқа жаңалықтар

21.10.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
13.09.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
20.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
12.08.2024
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Оқыңыз >
26.10.2023
Омбы кадет корпусы «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабымен танысты
Оқыңыз >
05.10.2023
Тұрақты болашақ үшін жас көшбасшыларды біріктіру
Оқыңыз >
28.09.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ЦИФРЛАР
Оқыңыз >
19.09.2023
QazaqGeography және Urbanitarium Astana әлеуметтанудан дәріс ұйымдастырды
Оқыңыз >
05.09.2023
Батыс Қазақстан тарихының ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін
Оқыңыз >
14.08.2023
Қазақстанның жасырын туристік асыл тастарын ашу: баспасөз турының тарихы
Оқыңыз >
10.08.2023
QazaqGeography кеңсесіне әр түрлі елдерден келген журналистер мен блогерлер келді
Оқыңыз >
01.08.2023
Қазақстандық саяхатшы жер шарын жаяу араламақшы
Оқыңыз >
28.07.2023
Қазақстанға келген туристер саны үш есе артқан
Оқыңыз >
30.06.2023
"Алтын Емел" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Altynemel сапар-орталығының ашылуы
Оқыңыз >
21.06.2023
Алтын-Емел ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылады
Оқыңыз >
19.06.2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ TOP-5 ТУРИСТІК ҚАЛАЛАРЫ
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандық студенттер география пәнінен халықаралық Олимпиадаға қатыса алады
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандағы киік саны 1,9 млн. асты 23 мамыр 2023 - 16:03
Оқыңыз >
12.05.2023
Қазақстандағы туристер ағыны 11%-ға өсті
Оқыңыз >
08.05.2023
Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің Географиялық кеңесі құрылды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстандық зерттеуші табиғатты қорғау саласындағы беделді сыйлыққа ие болды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстанда бірегей қызғалдақтар гүлдеді
Оқыңыз >
14.04.2023
Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды
Оқыңыз >
05.04.2023
Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді
Оқыңыз >
24.03.2023
Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өз кітабын QazaqGeography қабырғасында таныстырды.
Оқыңыз >
20.03.2023
Астанада сарапшылар экотуризмнің дамуын талқылады
Оқыңыз >
13.10.2022
QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Оқыңыз >
29.09.2022
Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Оқыңыз >
29.09.2022
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
Оқыңыз >
27.09.2022
Шарында жыл соңына дейін туристерге арналған заманауи визит-орталықтар пайда болады
Оқыңыз >
09.07.2022
Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық өз жұмысын бастады
Оқыңыз >

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз