Ормандар биологиялық әртүрлілікті сақтауда және климаттың өзгеру салдарын жұмсартуда маңызды рөл атқарады. Олар көптеген жануарлар мен өсімдіктердің мекені болып табылады және атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оны сақтай отырып, климаттың тұрақтануына ықпал етеді.
Алайда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында жыл сайын 600-ден 800-ге дейін орман өрті тіркеледі, бұл экожүйеге де, елді мекендерге де айтарлықтай зиян келтіреді.
Осы мәселеге жауап ретінде 2025 жылғы 2–3 сәуірде Риддер қаласында «Орман өрттерінің алдын алу, анықтау және ден қою» тақырыбында оқу семинары өтті. Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға Риддер және Пихтов орман шаруашылықтарының, сондай-ақ Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының 50 өкілі қатысты. Қатысушылар:
-
орман өрттерімен күрес бойынша халықаралық тәжірибені,
-
таулы ормандардағы өрт қаупін төмендету шараларын,
-
орман өрттері қызметінің тиімді жұмысын талқылады.
QazaqGeography табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мамандарға алғысын білдіреді. Табиғатты сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз!