QazaqGeography ғимаратында Камила Ковязина қалатану клубы Urbanitarium Astana мүшелеріне арнайы дәріс оқыды. Кездесу барысында жеткіншектер әлеуметтану және социологиялық зерттеу әдістерінің не екенін түсініп, қаланы жобалау кезінде тұрғындар пікірін ескеру неліктен маңызды екендігі туралы пайымдады. Қатысушылардың айтуынша, олар әлеуметтанулық зерттеу әдістері қала құрылысы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді. Қорытынды бөлімде балалар қала тұрғындарының пікірлерін зерделеу үшін сауалнама әзірлеп үйренді.
Камила Ковязина 13 жылдан бері әлеуметтанумен айналысып келе жатқан маман. Осы жылдар ішінде Экономикалық зерттеулер институтында, Еуразиялық интеграция институтында, Әлемдік экономика және саясат институтында жұмыс істеп, маңызды әлеуметтік және саяси тақырыптарда зерттеулер жүргізді.
Urbanitarium – урбанизм мен экологияға қызығушылық танытқан жасөспірімдерге арналған Urban Forum Kazakhstan білім беру жобасы. Үш жыл ішінде 120-дан астам жасөспірім тәлім алды. 2021 - 2022 ж. жоба Алматыдағы жазғы мектеп форматында жұмыс істеді. Ал 2023 жылы Fading TSE серіктестігімен Астанада көктемгі каникул кезінде интенсивті білім беру нысанындағы жоба ретінде басталып, кейін жасөспірімдер клубы болып жалғасын тапты. Төрт ай бойы астаналық оқушылар мазмұнды бағдарламаны тамашалайды: қазақстандық сарапшылардан урбанизация және қала экологиясы негіздері туралы теориялық және практикалық білім, шығармашылық шеберханалар, экскурсиялар және жасөспірімдерге Астананың табиғи орнын зерттеуге арналған жобалық жұмыстар. Үйірмеге қатысу тегін.
QazaqGeography және Urbanitarium Astana әлеуметтанудан дәріс ұйымдастырды
19.09.2023
< Артқа