Ақтау қ.
Ақтауда қаланың 30-дан астам оқушылары мен студенттері қатысқан Эко-Хакатон – «EcoVision» экологиялық білім беру жобасының финалы өтті. Хакатонда ұсынылған үздік үш эко-идеяның авторлары құнды сыйлықтарға ие болды, ал жеңімпаз жақын арада өз жобасын жүзеге асыру құқығына ие болды.
Эко-Хакатон - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп бастамашылық еткен «EcoBatys» экологиялық шарасы шеңберінде «QazaqGeography» РҚБ жүзеге асыратын «EcoVision» жобасының соңғы бөлігі. Жоба барысында қатысушылар көміртекті бейтараптық тақырыбына арналған онлайн және оффлайн форматтардағы тренингтер сериясын тыңдады.
Жобаның мақсаты - халықтың экологиялық проблемалар, көміртегі бейтараптылығы және оны экологиялық бастамаларға тарту туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Эко-Хакатонның тақырыбы келесідей: «Көміртекті бейтараптық қағидаты бойынша визит-орталықтарын құру». Ұйымдастырушылардың ойынша, таңдаудың осы бағытқа түскені кездейсоқтық емес.
«Біз өзімізге жақын екі бағытты бір бағытқа біріктірдік. Qazaq Geography ғылыми тәсілді пайдалана отырып, экологиялық туризмді және Ұлттық парктердегі инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Бұл ретте біз көміртегі бейтараптық идеясын, яғни нөлдік шығарындыларға ұмтылуды қолдаймыз. Болашақта Эко-Хакатонда ұсынылған үздік идея іске асыру құқығына ие болу арқылы жеңімпаз қоршаған ортаны қорғауға нақты үлес қосуға мүмкіндік алады», - деп түсіндіреді жоба жетекшісі, әрі «QazaqGeography» РҚБ менеджері Мадина Кинаятова.
Оның айтуынша, жобаның тиімділігі мультипликативті әсерге ие. Тренингтер сериясынан өткендердің барлығы қазір «жасыл ойлау» идеяларын көпшілікке жеткізетін эко-амбассадорлар болып табылады.
Эко-Хакатонның жеңімпаздары болып Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері атанды: 1-ші орынды Ришат Дильшат жеңіп алды, ол табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға және материалдарды қайта өңдеуге негізделген болашақтың визит-орталығының өз моделін ұсынды. Сонымен қатар, Дильшат ылғал жинайтын, оны жинақтайтын және жануарлар үшін сусын көзі ретінде қызмет ететін құрылғының макетін модельдеді.
Екінші орынды - Есенкүл Нұрқанат, 3-ші орынды Иманмәди Айсұлу иеленді. Барлық жүлделі орын иегерлері бағалы сыйлықтар алды.
Байқау комиссиясына эко-белсенділер, жеке компаниялардың экологиялық бөлімшелерінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері кірді.
«Мұндай жобалар бізге әлемдегі және елдегі экологиялық ахуалға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, бірақ олардың арқасында біз қоршаған ортаны қорғау құралдарын табуды үйренеміз, жас ұрпақтың табиғаттың ластануымен күреске қандай үлес қосқысы келетінін ойластырамыз. Мен ұйымдастырушыларға қызықты тренингтер мен воркшоптар ұйымдастырғандары үшін ризамын, онда біз сыныптастарымызбен көп жаңа нәрсемен таныс болдық», - дейді жоба жеңімпазы Дильшат Ришат.
Анықтама үшін:
«QazaqGeography» - Қазақстанның бай табиғаты мен өзіндік мәдениетін зерделеуге, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және өз білімін болашақ ұрпаққа беруге ортақ ниетпен біріктірілген азаматтардың ерікті географиялық қоғамдастығы.
«QazaqGeography» ұлттық географиялық қоғам ретінде 2013 жылы құрылған және бүгінде
1 000-нан астам мүшені біріктіреді және бүкіл Қазақстан бойынша 11 өңірлік өкілдікке ие.
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
29.09.2022
< Артқа