Алғашқы шараның спикері Саулет Сакенов өзінің алғашқы экспедициялық тәжірибесін бөлісті. Ол зерттеу сапарларына дайындықтың құпияларымен бөлісіп, экспедицияның өмірлік көзқарасқа қалай әсер ететінін әңгімелеп берді.
«Biz Qazaq Geography»– бұл тек кездесу емес, бұл идеялар мен шабыттың орталығы! Біздің мақсатымыз – табиғатты, тарихты және мәдениетті зерттеуге деген ынтасы бар адамдарды біріктіру, оларды тың идеялар мен пайдалы біліммен шабыттандыру.
📌 Келесі кездесулерде сізді не күтеді?
🔹 Белгілі мамандардың танымдық дәрістері;
🔹 Өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстелдер мен пікірталастар;
🔹 Қызықты практикалық мастер-класстар мен тренингтер;
🔹 Халықаралық және ұлттық сарапшылармен тәжірибе мен білім алмасу.
Егер сіз Қазақстан табиғатын, тарихын, экологиясын зерттеуге қызығушылық танытсаңыз – «Biz QazaqGeography» қауымдастығына қосылыңыз!

