Kz Ru En

QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Астана қ.

Моңғолия «QazaqGeography» Басқарма төрағасы Орман Нұрбаевты екі ел арасындағы қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін жоғары наградамен марапаттады.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара барысында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы мен Моңғол Халық Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында салтанатты марапаттау өтті. Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан Моңғолия мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін "QazaqGeography" РҚБ Басқарма төрағасы Орман Нұрбаевқа "Алтын жұлдыз" орденін табыс етті.

"Қазақстан мен Моңғолия 30 жылдық ынтымақтастықты саяси тұрғыдан байланыстырады, бірақ біздің мемлекеттеріміздің достық қарым-қатынастарының тарихы әлдеқайда көне және елдер арасындағы бұл байланыс тек нығая түсетініне сенімдімін. "Алтын жұлдыз" орденінің иегері болу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Сонымен қатар, Моңғолия басшылығы Қазақстанның бауырлас халқына деген құрметін білдіріп, елдеріміз арасындағы қарым - қатынастың маңыздылығын атап өтетінін түсінемін", - деп атап өтті Орман Нұрбаев.

Айта кетейік, Нұрбаев Орман 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымында болды.

"Алтын жұлдыз" ордені 1936 жылы Моңғолияның әскери күшін нығайту, оның экономикасын, мәдениетін және денсаулық сақтау саласын дамыту ісінде табысқа жеткен әскери және азаматтық тұлғалар марапатталатын шетелдік азаматтар үшін Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік наградасы ретінде құрылды.

Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсухтың атынан тағы бір жоғары марапатқа қазақстандық ғалым, Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшан ие болды. Ол "Достық" медалінің иегері атанды.

Анықтама:
"QazaqGeography" - Қазақстанның бай табиғаты мен өзіндік мәдениетін зерделеуге, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және өз білімін болашақ ұрпаққа беруге ортақ ұмтылыспен біріктірілген азаматтардың ерікті географиялық қауымдастығы.
"QazaqGeography" 2013 жылы ұлттық географиялық қоғам ретінде құрылған және бүгінде 1000-нан астам мүшені біріктіреді және Қазақстан бойынша 11 өңірлік өкілдігі бар.
< назад

Другие новости

13.10.2022
QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Читать >
29.09.2022
Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Читать >
29.09.2022
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
Читать >
27.09.2022
Шарында жыл соңына дейін туристерге арналған заманауи визит-орталықтар пайда болады
Читать >
09.07.2022
Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық өз жұмысын бастады
Читать >

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам