Kz Ru En

«ŞOQAN UÄLIHAN» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

2023 ж. 11-желтоқсанда QazaqGeography ғимаратында география саласында жасаған зор еңбектері үшін алғаш рет «ŞOQAN UÄLIHAN» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты басқосуға еліміздің танымал академик, профессорлары, қоғамдық бірлестіктің өңірдегі өкілдері, серіктестер, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар мен QazaqGeography қызметкерелері қатысты.

Шараны QazaqGeography Төрағасы Ерік Хамзаұлы Сұлтанов ашты. Өз сөзінде жиналғандарды келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтады. “Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – Сіздердің география, экология саласында жасаған еңбектеріңізді бағалап, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында құрметке бөлеу. Осы жерде отырған әрқайсымыз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып, аянбай еңбек етіп жүрген патриот жандар деп білемін” деп жалғастырды Төраға.
«ŞOQAN UÄLIHAN» медалі география саласындағы ғылыми жетістіктер, географиялық білімдер тарихындағы жаңа ашылулар, ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін табысталады. Ең алғашқы болып осы төсбелгімен марапатталған азаматтар тізімі:


1. Байғарин Қанат Әбдуәліұлы –– Назарбаев Университеті Президентінің кеңесшісі, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қоры кеңесі Басқару комитетінің төрағасы, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

2. Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы – ғалым-географ, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, География институтының директоры, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарушы кеңесінің төрағасы.

3. Исмаилов Олжабай Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геологы, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының толық корреспондент-мүшесі, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы.

4. Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы – географ, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысындағы өкілдігінің басшысы.

5. Ермекбай Жарас Ақышұлы – тарих ғылымдарының докторы, 100-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдардың, кітаптардың, мақалалардың, тезистердің авторы, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі.

6. Мазбаев Орденбек Блисбекович – география ғылымдарының докторы, академик, Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің туризм кафедрасының профессоры, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ тәуелсіз директоры, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

7. Қотырашов Сәрсенбай Оспанұлы – жаяу саяхатшы, 70 жаста бүкіл әлемді жаяу жүріп, Гиннес Рекордтар тізіміне енуге бел буған марафоншы, Ұлытау ауданының тұрғыны.

8. Вервекин Александр Анатольевич – «Павлодар география үйі» ҚБ (ПавГео) негізін қалаушы және директоры, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы өкілдігінің басшысы.

9. Сергеева Айгүл Мақсатқызы – доцент (доцент), география ғылымдарының кандидаты, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің басшысы.

10. Дашко Ольга Александровна – «Оңтүстік Қазақстан облысының альпинизм және спорт туризмі федерациясы» ҚБ басшысы, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы өкілдігінің басшысы.

11. Гужавин Александр Олегович – «Қызылсай» және «Әсемтал» ЖШС директоры (консорциум қатысушылары).

12. Әлкеев Жәнібек Нұрланұлы – «Қызылсай» және «Әсемтал» ЖШС басқарушы директоры (консорциумға қатысушылар).

13. Ен Виктория Валерьевна – Qazaq National Parks маркетинг және PR жөніндегі директоры.

14. Әбубәкіров Артур Серікұлы – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары (2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы тамызға дейін).

15. Мейірманова Бинагүл Берікқызы – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Бухгалтерлік есеп және экономикалық жоспарлау департаментінің директоры.

16. Егізбаева Асель Нұрмұхаметқызы – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

17. Табелинова Аида Серікпаевна – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің Жобалық және халықаралық қызмет департаментінің бас менеджері, география ғылымдарының кандидаты, география ғылымдарының PhD докторы.

Еліміздің дамуы үшін аянбай еңбек етіп, ең алғашқы «ŞOQAN UÄLIHAN» төсбелгісімен марапатталған барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
< Артқа

Басқа жаңалықтар

12.12.2023
«ŞOQAN UÄLIHAN» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ
Оқыңыз >
08.12.2023
«Көне Түркістанның түркі халықтары тарихындағы рөлі» атты халықаралық конференция өтті
Оқыңыз >
16.11.2023
QazaqGeography «Urban Forum Kazakhstan-мен» серіктестік аясында 3 ай бойы «Urbanitarium Astana» жобасына белсенді қатысты
Оқыңыз >
30.10.2023
Жібек жолы (III кезеңі) Бірінші Субөңірлік Конференциясы: Мәдени Мұраны Сақтаудағы Маңызды Қадам
Оқыңыз >
26.10.2023
Омбы кадет корпусы «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабымен танысты
Оқыңыз >
05.10.2023
Тұрақты болашақ үшін жас көшбасшыларды біріктіру
Оқыңыз >
28.09.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ЦИФРЛАР
Оқыңыз >
19.09.2023
QazaqGeography және Urbanitarium Astana әлеуметтанудан дәріс ұйымдастырды
Оқыңыз >
05.09.2023
Батыс Қазақстан тарихының ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін
Оқыңыз >
14.08.2023
Қазақстанның жасырын туристік асыл тастарын ашу: баспасөз турының тарихы
Оқыңыз >
10.08.2023
QazaqGeography кеңсесіне әр түрлі елдерден келген журналистер мен блогерлер келді
Оқыңыз >
01.08.2023
Қазақстандық саяхатшы жер шарын жаяу араламақшы
Оқыңыз >
28.07.2023
Қазақстанға келген туристер саны үш есе артқан
Оқыңыз >
30.06.2023
"Алтын Емел" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Altynemel сапар-орталығының ашылуы
Оқыңыз >
21.06.2023
Алтын-Емел ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылады
Оқыңыз >
19.06.2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ TOP-5 ТУРИСТІК ҚАЛАЛАРЫ
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандық студенттер география пәнінен халықаралық Олимпиадаға қатыса алады
Оқыңыз >
26.05.2023
Қазақстандағы киік саны 1,9 млн. асты 23 мамыр 2023 - 16:03
Оқыңыз >
12.05.2023
Қазақстандағы туристер ағыны 11%-ға өсті
Оқыңыз >
08.05.2023
Орталық Азияда Түркі мемлекеттерінің Географиялық кеңесі құрылды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстандық зерттеуші табиғатты қорғау саласындағы беделді сыйлыққа ие болды
Оқыңыз >
27.04.2023
Қазақстанда бірегей қызғалдақтар гүлдеді
Оқыңыз >
14.04.2023
Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды
Оқыңыз >
05.04.2023
Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд тіркелді
Оқыңыз >
24.03.2023
Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өз кітабын QazaqGeography қабырғасында таныстырды.
Оқыңыз >
20.03.2023
Астанада сарапшылар экотуризмнің дамуын талқылады
Оқыңыз >
13.10.2022
QazaqGeography Басқарма төрағасы Моңғолияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Оқыңыз >
29.09.2022
Жетісу облысында «Алтын-Емел» визит-орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Оқыңыз >
29.09.2022
Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды
Оқыңыз >
27.09.2022
Шарында жыл соңына дейін туристерге арналған заманауи визит-орталықтар пайда болады
Оқыңыз >
09.07.2022
Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық өз жұмысын бастады
Оқыңыз >

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз