Қазақ халқының ұлттық тағамы қайталанбас және қазақ тарихы мен мәдениетінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Ғасырлар бойында қалыптасқан, өмір сүру салтына сәйкес туындаған салт-дәстүрлер мен оның көптеген белгілері қазақ асханасында көрініс тапқан. Қазақ халқының ұстанған көшпелі өмір салты, олардың тағам әзірлеу жолдарына да өз әсерін тигізді. Қазақ асханасы өзіне тән технологиясымен ерекшеленеді. Кітапқа қазіргі уақытта әзірленуі мен тұтынуы ғана емес, тіпті атауының өзі ұмыт болуға шақ қалған ет, сүт және аралас жасалатын тағамдар мен сусындардың бірқатар түрлері қамтылып, олардың әзірлену технологиясы, биологиялық құндылығы туралы қысқаша сипаттамалары беріледі. Ұсынылған фотосуреттер, қазақ халқының мәдениетінің осы бір ерекше маңызды бөлігімен тереңірек танысуға жол ашады. Кітап тағамтану саласының мамандарына, технологтар мен этнографтарға, сонымен қатар, технология және тарих факультеттерінің студенттеріне, ұлттық тағамға қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Развернуть полное описание