Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттар желісі (2014 жылдан бастап)
2014 жылы 8 қазақстандық нысан Ұлы Жібек жолының құрамдас бөлігі ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енгізілді. Оған Қытай мен Қырғызстан нысандары да енгізіліп, бүкіл жоба 33 нысанды құрады: қытайлық Лоянадодан Орталық Азиядағы Жетісу аймағына дейін.
Қазақстандық нысандардың қатарында Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген және Талғар қалашықтары, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Степнин, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтары бар.