Сарыарқа-Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері (2008 жылдан бастап)
Бұл Дүниежүзілік мұраныі нысаны жалпы ауданы 450 344 га болатын «Науырзым» және «Қорғалжын» екі табиғи қорығын қамтиды.
Көбінесе сулы-батпақты жерлерді білдіретін қорық аймағы көптеген қоныс аударатын құстардың тіршілік ету ортасы болып табылады, олардың кейбіреулерінің жойылып кету қаупі бар. Олардың ішінде бұйра бірқазан, кезқұйрықты субүркіт, сібір ақ тырнасы бар.
Жалпы бұл жерде дала фаунасы өкілдерінің жартысына жуығы, соның ішінде соңғы онжылдықтарда популяциясы толығымен жойылып кету қаупіне тап болған ақбөкендер мекендейді.
Нысанның аумағында көлдердің екі тобы бар — тұзды және тұщы су. Бұл фактор қоршаған ортаның әртүрлі түрлеріне бейімделген флора мен фаунаның саналуандығын анықтайды.