НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
Парк туралы
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстанның Ұлытау облысының Ұлытау ауданындағы ұлттық парк. Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 867 қаулысына сәйкес Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығын қайта ұйымдастыру жолымен құрылған. Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Ұлттық парктің аумағына ауданы 19 300 га паркпен аттас қорықша кірді.
Ұлттық парк Ұлытау таулы-дала алабының экожүйелері мен табиғи кешендерін қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін құрылды.