Kz Ru En

«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-ге тартымды туристік кіру тобын құру»

Qazaq Geography
Астана қ. 2022 жылғы «06» қазан
«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) жұмыстарды орындауға жалпы сомасы 22 650 000,00 (жиырма екі миллион алты жүз елу мың) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:

- «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-ге тартымды туристік кіру тобын құру».

Жұмыстардың атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен талаптары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында (техникалық тапсырма) келтірілген, мердігерлік шарттың жобасы осы хабарландырудың № 3 қосымшасында келтірілген.
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «10» қазанда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.
Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «11» қазанда сағат 10.00-де өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам