Географиясы
Облыс аумағы 116 280 км (республика аумағының 4,3%-ы). Ең солтүстік және оңтүстік учаскелер арасындағы тікелей қашықтық 506 км. Солтүстік бөлігін Бетпақ Дала шөлі алып жатыр, қиыр оңтүстігінде – Мырзашөл. Облыстың орта бөлігін Қаратау жотасы (Бессаз тауы — 2176 м, ұзындығы 500 км), оңтүстік-шығысында — Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау жоталары (биіктігі 2823 м дейін) және Өгем жоталары (ең биік нүктесі — Сайрам шыңы — 4299 м) алып жатыр.
Жер бедері
Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде және Тянь-Шаньның батыс сілемдерінде орналасқан. Аумақтың көп бөлігі жазық, Қызылқұмның төбешік-қырқалы құмдарымен, Шардара даласымен (оңтүстік-батысында, Сырдарияның сол жағалауында) және Мойынқұммен (солтүстігінде, шудың сол жағалауында) астасып жатыр.
Гидрографиясы
Ең ірі өзендер — Сырдария (Арыс, Ахангаран, Гавасай, Исфайрамсай, Исфара, Қарадария, Қараөзек, Қасансай, Келес, Нарын, Сох, Қожабақырған, Чадак, Чирчик, Шахимардан өзендерімен) облыс аумағын оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді және жән Мойынқұм құмында жоғалып, солтүстікке қарай ағып жатқан Шу өзені (төменгі ағысы).
Климаты
Облыс күрт континентті климат аймағында орналасқан.
Тарихы
Түркістан облысының аумағында XIX ғасырда Орта жүз тайпалары: қоңыраттар (көктінұлы, котеншы); наймандар (бағаналы), Үлы жүз тайпалары: шанышқы, дулаттар (сиқым, жаныс, шымыр), ошақты, сіргелі, ысты мекендеген.
Облыс 1932 жылы 10 наурызда бұрынғы Сырдария округінің (1928-1930) аудандарынан негізінен Қазақ АССР (өзі Ресей СФСР құрамына кірген) құрамында құрылды және Оңтүстік Қазақ Облысы деп аталды, алайда жергілікті партиялық-кеңестік органдардың құжаттарында Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.
1936 жылы ақпанда Қырңыз АКСР-нің Қазақ АКСР-і болып қайта аталуына байланысты облыс атауы Оңтүстік Қазақстан болып өзгертілді. 1936 жылы 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ресей КФСР құрамынан бөлінген жаңадан құрылған Қазақ КСР құрамына енді.
1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағының бір бөлігі жаңадан құрылған Қызылорда облысына берілді.
2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертілді, ал оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістан қаласына көшірілді. Шымкент Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан шығарылды.
Әкімшілік бөлінісі
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 14 аудан және облыстық бағыныстағы 3 қала кіреді:
- Бәйдібек ауданы
- Жетісай ауданы
- Қазығұрт ауданы
- Келес ауданы
- Мақтаарал ауданы
- Ордабасы ауданы
- Отырар ауданы
- Сайрам ауданы
- Сарыағаш ауданы
- Сауран ауданы
- Созақ ауданы
- Төлеби ауданы
- Түлкібас ауданы
- Шардара ауданы
- Арыс қ.ә.
- Кентау қ.ә.
- Түркістан қ.ә