Kz Ru En

«Қазақ асханасы: дәмі және дәстүрлері» кітабы

Qazaq Geography

QazaqGeography

​Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты - халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерінің мағыналы және маңызды элементі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және елдің туристік брендінің бірі ретінде ұлттық қазақ тағамдарының брендін құру.

Міндеттер:
- ұмытылған рецепттерді жандандыру
- мәдени құндылықтарды сіңіру
- гастротруизмнің дамыту

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Ұлттық қазақ тағамдарының брендін ілгерілету
Ұмытылған рецепттерді жандандыру
Мәдени құндылықтарды сіңіру
Гастротруизмнің дамыту

QazaqGeography

Қазірдің өзінде не тыңдырылды?

Кітапта бір кездері кең таралған және авторлардың іздестіру-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қайта жанданған сирек тағамдар, сондай-ақ пісіру технологиясы, дәстүрлі ет, сүт тағамдары, ұн өнімдері мен сусындардың биологиялық құндылығының қысқаша сипаттамасы келтірілген.

Қазақстан бойынша зерттеу экспедицияларын өткізу нәтижесінде іс жүзінде ұмытылған тағамдарды дайындау технологиясы табылып, жазылып алынды. Қазіргі уақытта екі жүз тағам түрі туралы ақпарат алынды, оның елуі осы кітапта көрсетілген. Тағамдардың әрқайсысының қысқаша ақпараты, рецепті және тағамдық сипаты бар. Қазақ асханасының белгілі бір тағамдарының айрықша мәніне ерекше назар аударылды. Олар – халық даналығының нағыз символы. Тағам біздің ата-бабаларымызға нәр беріп қана қоймай, қажырлы қуатпен қамтамасыз етіп, қажетті сәтте күш берді, қорғады, адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектесті, тіпті тараптардың татуласуына жәрдемші болды.
Кітап авторлары:
Әйгерім Александровна Мұсағажинова - этнограф, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жанындағы «Халық Қазынасы» ҒЗИ дәстүрлі мәдениет бөлімінің басшысы.

Юрий Александрович Синявский - биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС вице-президенті.

Досымбек Қатран - тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр Мүбарак» университетінің доценті
Динара Қабыкешқызы Жүнісова -этно-фотограф.

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз