QazaqGeography
Қазірдің өзінде не тыңдырылды?
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жарас Ермекбайдың «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабын 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауының арқасында «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі жарыққа шығарды.
2021 жылы Шоқанның отаны, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында кітаптың тұсаукесері өтті, сәл кейінірек Ж. Ермекбайдың еңбегі Қазақстанның елордасы – Астанада таныстырылды.
Автор өз кітабында бұрын көпшілікке белгісіз болып келген фактілер туралы айтты. Жарас Ермекбай басылыммен жұмыс жасай отырып, ҚР ҰҒА Ұлттық Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында, РФ СІМ Ресей империясының сыртқы саясат архивінде, Ресей мемлекеттік тарихи архивінде және т.б. көптеген зерттеулер жүргізді.
Шоқан Уәлиханов Санкт-Петербургтің бірнеше үкіметтік мекемелерінде – Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде жұмыс істегені, сондай-ақ сол департамент жанындағы Жоғары мектепте түркі тілдерінен сабақ бергені белгілі. Сондықтан оның өмірінің шежіресінің негізгі бөлігі Ресейде сақталған.
Профессор Ж. Ермекбайдың айтуынша, ол ғалымның отбасы, оның тәлімгерлері, сондай-ақ Орталық Қазақстан мен Қырғызстан бойынша экспедициялар, Ш. Уәлихановтың Санкт-Петербургте болған кезеңі және патшалық Ресейдің жоғары топтарымен танысу туралы қосымша мәліметтерді таба алды.
Жарас Ақышұлы қазақ ағартушысы туралы мәліметтерді жинау үшін 25 жылдан астам жұмыс істеді.