Kz Ru En

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Ұлытау ауданы деңгейінде экобілім беру бойынша қосымша мектеп бағдарламасын әзірлеу» қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Qazaq Geography
Астана қ. 2022 жылғы «29» қараша

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) бірлестік Басқарманың шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызмет көрсетуге жалпы сомасы 10 000 000,00 (он миллион) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
- «Ұлытау ауданы деңгейінде экобілім беру бойынша қосымша мектеп бағдарламасын әзірлеу»
Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен талаптары осы хабарландыруға № 1 қосымшада (техникалық тапсырма) келтірілген, танысуға арналған шарттың жобасы осы хабарландыруға № 3 қосымшада келтірілген.
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландыруға № 2 қосымшада көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (бірінші басшының қолымен және өнім берушінің мөрімен расталған қағаз жеткізгіште) - Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «01» желтоқсанда Астана қ., Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй мекенжайы бойынша тапсыруы қажет.
Баға ұсынысы бар конверт оларды ұсынудың соңғы мерзімінен кейін қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «02» желтоқсанда сағат 10.00-де өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны бойынша хабарласу қажет.

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз