Kz Ru En

Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің учаскелерін жалғайтын және Ұлытау аласа тауларының бүкіл оңтүстік бөлігін қамтитын Ұлытау-Арғанаты табиғи қорығын құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесін әзірлеу» қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Qazaq Geography
Астана қ. 2022 жылғы «19» қазан

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызмет көрсетуге жалпы сомасы 5 500 000,00 (бес миллион бес жүз мың) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:

- «Ұлытау облысының Ұлытау ауданында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің учаскелерін жалғайтын және Ұлытау аласа тауларының оңтүстік бөлігін қамтитын Ұлытау-Арғанаты табиғи қорығын құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесін әзірлеу».

Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен талаптары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында (техникалық тапсырма) келтірілген, танысуға арналған шарттың жобасы осы хабарландырудың № 3 қосымшасында келтірілген.
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасыында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық тапсырма талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (бірінші басшының қолымен және өнім берушінің мөрімен расталған қағаз жеткізгіште) Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «22» қазанда техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.

Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «26» қазанда сағат 10.00-де өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам