Kz Ru En

Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен «Экологиялық және ауылдық туризмді ілгерілету және жақын маңдағы Алтын Емел мен Шарын кенттерінің халқын агро-туристік қызметке тарту, олардың қаржылық сауаттылығы мен әл-ауқатын арттыру» қызметін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Qazaq Geography

Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы «12» мамыр


«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызметтің жалпы сомасы 8 500 000,00 (сегіз миллион бес жүз мың) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:

- «Экологиялық және ауылдық туризмді ілгерілету және жақын маңдағы Алтын Емел мен Шарын кенттерінің халқын агро-туристік қызметке тарту, олардың қаржылық сауаттылығы мен әл-ауқатын арттыру».

Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында келтірілген (техникалық ерекшелік).

Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «16» мамырда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.

Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «17» мамырда сағат 10.00-де өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам