Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы «10» тамыз
«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызметтің жалпы сомасы 25 000 000,00 (жиырма бес миллион) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
- «Ұлытау ауданында және «Ұлытау» МҰТП-да рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындауды ескере отырып, туризмді және туристік маршруттарды дамыту стратегиясын әзірлеу».
Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың № 1 қосымшада келтірілген (техникалық тапсырма).
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «15» тамызда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.
Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «16» тамызда сағат 10.00-де өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет