Kz Ru En

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Гендерлік тәсілді ескере отырып, жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру және халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі стратегияны әзірлеу, дөңгелек үстелдер өткізу» қызметін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Qazaq Geography
Нұр-Cұлтан қ., 2022 жылғы «22» маусым

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Бірлестік) Бірлестік Басқармасының шешімімен бекітілген «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (04.04.2022 жылғы № 16 хаттама) қызметтің жалпы сомасы 8 000 000,00 (сегіз миллион) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
- «Гендерлік тәсілді ескере отырып, жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру және халықты жұмыспен қамтуды арттыру стратегиясын әзірлеу, дөңгелек үстелдер өткізу».
Қызмет көрсетудің атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны, мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың № 1 қосымшасында келтірілген (техникалық тапсырма).
Барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың № 2 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша «Баға ұсынысын» және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қосымша құжаттарды (қағаз жеткізгіште) Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде 2022 жылғы «24» маусымда мына мекенжай бойынша ұсынуы қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-үй.
Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы бар конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі 2022 жылғы «27» маусымда сағат 12.00-де өтеді.


Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-999-336 (ішкі 1052) телефоны арқылы хабарласу қажет

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

9 (7172) 999 336 (вн. 1014)

9 (705) 760 2950 (вн. 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Написать нам