Kz Ru En

Атырау облысы

Qazaq Geography

Мой Казахстан

Атырау облысы


Атырау облысы (1992 жылдың ақпанына дейін Гурьев облысы) – Қазақстанның құрамындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Атырау қаласы.
Атырау облысы Батыс Қазақстан облысымен, Маңғыстау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шектеседі.
1938 жылы 15 қаңтарда құрылған.

Географиясы


Облыс Каспий маңы ойпатында, Каспий теңізінің солтүстігі мен шығысында, солтүстік-батысында Еділдің төменгі ағысы мен оңтүстік-шығысында Үстірт жоны арасында орналасқан.
Атырау облысы батысында Ресейдің Астрахан облысымен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Батыс Қазақстан облысы, шығысында Ақтөбе облысымен (Ақтөбе және Атырау облыстарының шекарасында «Алып-Ана» сәулет ескерткіші орналасқан), оңтүстігінде Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі.

Жер бедері

Облыс оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань жоталары, солтүстік-батысында Балқаш көлі және солтүстік-шығысында Іле өзені арасында орналасқан; шығысында Қытаймен шектеседі.
Бүкіл солтүстік жартысын Оңтүстік Жетісудың солтүстікке қарай азеңісті шоғыры немесе Балқаш маңы (биіктігі 300-500 м) алып жатыр, құрғақ Бақанас арналарымен қиылысқан, жоталы және сусымалы құмдар сілемі бар (Сары-Есікатырау, Тауқұм). Оңтүстік бөлігін биіктігі 5000 м дейінгі жоталар алып жатыр: Кетмен, Іле Алатауы және Күнгей Алатауының солтүстік жоталары. Солтүстіктен жоталар тау бөктерімен және тау етегіндегі жазықтармен шектеседі. Бүкіл оңтүстік бөлігі – жоғары сейсмикалық аймақ.

Гидрографияcы

Облысқа іргелес бөліктегі Каспий теңізінің тереңдігі 50 м-ден аз. Жағалау сызығы аз жырымдалған, ұсақ құмды өрімдер мен жағалау аралдары кездеседі.

Климаты

Климаты күрт континентті, өте құрғақ, жазы ыстық, қысы орташа суық.

Тарихы

Гурьев облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды. Оның құрамына Бақсай, Теңіз, Жылыой, Есбол, Мақат және Маңғыстау аудандары кірді.
1939 жылдың қазан айында Новобогатин ауданы құрылды.
1941 жылы Форт-Шевченков ауданы құрылды.
1944 жылы 11 мамырда Қызылқоға ауданы құрылды.
1957 жылы 30 қазанда Гурьев ауданы құрылды. Новобогатин ауданы таратылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Есбол және Бақсай аудандары Махамбет өнеркәсіптік ауданына біріктірілді.
1963 жылы 10 қаңтарда Балықшы өнеркәсіптік ауданы құрылды. Мақат және Жылыой аудандары Ембі өнеркәсіптік ауданына біріктірілді.
1963 жылы 3 қарашада Балықшы өнеркәсіптік ауданы таратылды.
1964 жылы 30 қазанда Махамбет және Ембі өнеркәсіптік аудандары таратылып, Индер және Ембі аудандары құрылды.
1966 жылы қаңтарда Мақат және Өзен аудандары құрылды.
1966 жылы 25 сәуірде Гурьев ауданы Балықшы ауданы болып өзгертілді.
1977 жылы ақпанда Новобогатин ауданы қайта құрылды.
1973 жылы наурызда Маңғыстау және өзен аудандары мен Шевченко және Форт-Шевченко қалалары жаңа Маңғышлақ облысына берілді. Гурьев облысының құрамында Балықшы, Теңіз, Қызылқоға, Мақат, Индер, Ембі, Махамбет аудандары мен Гурьев қаласы қалды.
1988 жылы Маңғышлақ облысы Гурьев облысына қосылды. Балықшы, Новобогатин және Мақат аудандары таратылды.
1990 жылдың тамызында Балықшы және Мақат аудандары қалпына келтіріліп, Новобогатин ауданы Исатай ауданы деген атпен қалпына келтірілді.
1990 жылы 4 қарашада Маңғышлақ облысы Гурьев облысының құрамынан қайта бөлінді.
1992 жылы ақпанда Гурьев облысы Атырау, ал Гурьев қаласы Атырау болып өзгертілді.
1993 жылы Ембі ауданы Жылыой ауданы, ал Теңіз ауданы Құрманғазы ауданы болып өзгертілді.
1995 жылы 21 мамырда Балықшы ауданы таратылды.

Әкімшілік бөлінісі

Атырау облысы 7 ауданға және 1 облыстық бағыныстағы қалаға бөлінеді:
1. Жылыой ауданы – Құлсары
2. Индер ауданы — Индербор ауданы
3. Исатай ауданы – Аққыстау
4. Қызылқоға ауданы – Миялы
5. Құрманғазы ауданы – Құрманғазы
6. Мақат ауданы – Мақат
7. Махамбет ауданы – Махамбет
8. Атырау қаласы

Барлығы: 2 қала (Атырау - облыстық бағыныстағы қала, Құлсары - аудандық бағыныстағы қала), 4 кент (Индербор, Мақат, Доссор, Жаңа Қаратон) және 64 ауылдық округ.

Байланыс

Жалпы мәселелер
info@q-g.kz

8 (7172) 999 336 (ішкі 1014)

8 (7172) 999 336 (ішкі 1054)

Экспедиция, іс-шаралар
БАҚ байланыс
Z10G9D2 Қазақстан, Астана Абай даңғылы 22
Бізге жазыңыз