"Cарыарқа" экспедициясы

4-қыркүйекте «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде Қазақстанның төрт облысы аумағында өткен «Сарыарқа» бағыты экспедициясы өз мәресіне жетті. 20-тамызда басталған экспедиция он алты күнге созылды. Осы уақыт ішінде қатысушылар 4000 шақырымнан астам жолды еңсеріп, төрт ұлттық табиғи саябақта болып қайтты.

Жобаның мақсаты: табиғи, тарихи, киелі нысандарды аралау арқылы жаңа туристік бағыттар жасап, ішкі туризм мен инфорқұрылымды дамыту және туған жеріміздің тылсым тарихқа толы тұстарын зерттеу. Сонымен қатар, жоба нәтижесі бойынша жиналған ақпарат Қазақстан брендін көпшілікке таныстырып, елдің ішкі туризмінің дамуына үлес қосады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедициясы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді. Ұйымдастырушысы — Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК. Экспедиция бағдарын «QazaqGeography» жүзеге асырды.

Саяхатшылар Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы түрлі ландшафты, өсімдіктер мен жануарларға бай көрікті жерлерді аралады. Экспедиция құрамында саяхатшылар, телевизия журналистері мен туроператор өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер болды.

Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ