«Жаңа Жібек жолы» бағытындағы «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының соңғы экспедициясы басталды

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберіндегі соңғы экспедиция «Жаңа Жібек жолы» деп аталады. Саяхатшылар жолға 17-қыркүйекте Алматы қаласынан шықты. Экспедиция қатысушылары 13 күнде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары аумағымен 3000-нан аса шақырым жол жүрмек.
© Дереккөз: QazaqGeography.kz
Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша экспедицияны ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» ҰК. «Жаңа Жібек жолы» экспедициясының бағытын «QazaqGeography» РҚБ жүзеге асыруда.

Экспедиция құрамы тәжірибелі саяхатшылардан, туроператор өкілдері мен шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлерден, сондай-ақ «National Geographic Ресей» командасынан құралған.

«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Қазақстан аймақтарына жасалатын ең ірі экспедиция. Экспедиция алты бағыт бойынша алты туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару арқылы жүргізіледі. Экспедициясының мақсаты — жаңа туристік бағыттарды жасау үшін табиғи, тарихи, киелі мекендерді зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту, және туған елді зерттеу. Оған қоса, экспедиция туралы материалдар Қазақстанның туристік дестинация ретінде танылуына және халықты ішкі туризмге тартуға ықпал етеді. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынады, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалатын болады.
Экспедиция Алматыдан Қазақстан–Қытай шекарасына қарай шығады да, Жаркент қаласы мен Қорғас ауылына аялдайды. Ары қарай, Қазақстандағы ең көрікті жерлердің бірі, Солтүстік Тянь-Шань маржаны аталатын — Саты ауылына барады.
Қатысушылар Саты ауылынан жолсыз жермен бірнеше шақырым жүріп, тау ішіндегі Көлсай және Қайыңды көлдеріне қарай бағытталады. Қайыңды көлі эко-туристердің ең сүйікті жері және Қазақстанның басты туристік нысандарының бірі болып саналатынын айта кеткен жөн. Ол теңіз деңгейінен 1867 метр биікте орналасқан. Бұл жердің сұлулығын сөзбен сипаттап жеткізу мүмкін емес. Қайыңды көлі 1911 жылғы жер сілкінісінің салдарынан пайда болған: құлаған тас шатқалды жауып қалып, табиғи бөгет түзіліп, шыршалар су астында қалған. Көлсай көлінің суы тұп-тұнық. Мұнда құбылмалы бақтақ, қабыршақсыз көкбас, тағы басқа да балық түрлері мекендейді. Маңындағы орман саңырауқұлаққа, қойбүлдірген мен таңқурайға бай.

Ары қарай саяхатшыларымыз Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына барып, Темірлік, Бестамақ шатқалдары мен Қорғандар алқабын тамашалайды. Сол жерден «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына бет алады. Онда экспедиция мүшелері Ақтау тауы мен 700 жылдан аса уақыт өсіп тұрған ағашты көре алады. Содан соң, Айғайқұмға, Шоқан Уәлиханов бұлағы мен Талхиз қалашығына ат басын бұрып, алтыншы күні Алматыға оралып, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» ТШК және «Үлкен Алматы көліне» барады.

Экспедиция бағытындағы келесі аялдама — Тамғалы шатқалы. Бұл Жетісудағы жартасқа жазылған ең ескі, әрі көрнекті ескерткіштердің бірі. Ол 2004 жылдан бері ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының нысаны қатарында. Өткен ғасырдың ортасында бұл жерден жартасқа салынған әр түрлі суреттер табылған. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жердегі Аңырақай тауында.

Тамғалыдан соң экспедиция қатысушылары Жамбыл облысындағы археологиялық және табиғи ескерткіштерге жол тартады. Олардың ең алғашқысы — Тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан Ақыртас археологиялық кешені. Бұл орын Қазақстанның 100 киелі нысанының тізіміне кіреді. Тараз қаласында олар Қарахан мен Айша бибі кесенесіне және «Ежелгі Тараз» археологиялық орталығына барады.

Экспедиция тобы Орта Азия мен Қазақстандағы ең ескі қорықтардың бірі Ақсу-Жабағылыда аялдайды. Мұнда олар табиғаттың сұлулығын және өсімдіктер мен жануарлардың керемет әлемін тамашалай алады. Бұл қорық Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында орналасқан.

Экспедиция бағытындағы келесі пункт — Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік-шығысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Саяхатшылар Сайрам-Өгем шатқалының ең көрікті жерлерінің бірі, теңіз деңгейінен 2350 метр биікте орналасқан Сайрамсу көлін көріп қайтады.

Түркістан облысының аумағы археологиялық және табиғи ескерткіштерге бай. Отырар қаласы, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Сауран қаласы және басқа да нысандар саяхатшылар мен зерттеушілерді қызықтырары сөзсіз.

Өз уақытында Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған Ұлы Жібек жолы, оның бойында орналасқан елдердің сауда-экономикалық және мәдени дамуына қатты әсер етті.

«Kazakh Tourism» ҰК Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеттері: еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту.

QazaqGeography бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазір Қазақстан Республикасында 11 өкілдік ашылған.
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ

© Дереккөз: qazaqgeography.kz

17-09-2018