«Жаңа Жібек жолы» - төртінші күн

Экопаркте таңғы ас ішіп, Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарай жол тарттық. Ол Талдықорған облыстық орталығынан 175 км, ал Алматы қаласынан 265 шақырым жерде орналасқан. Басши ауылында ұлттық парктің офисына соғып, Алтынемелдің тарихымен таныстық.

Фото: QazaqGeography.kz
Фото: QazaqGeography.kz
Парк аумағында 700 жастағы "әулие ағаш" бар. Экспедиция құрамы осы жердегі киелі суды ішіп, дұға-тілектерін айтты.Ағаштың үлкендігі сонша, оны толығымен суретке түсіріп алу қиындық туғызды.

Ары қарай Ақтауға қарай беттедік. Бұл әдемі тау туралы не білесіз? Алыстан ақ болып көрінгенімен, жақындағанда жасыл рең беретін бұл жерді Марс планетасымен салыстырып жатады. Таудың 400 миллион жыл тарихы бар. Кезінде бұл теңіздің түбі болған дерек бар.

Жолда көлігіміз бұзылып, 6 шақырым жаяу жүріп, таудың шыңына шықтық. Алайда, жоғарыдағы көрініс шаршағанымыздың бәрін жуып шайды.
21-09-2018

Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ