«Жаңа Жібек жолы» экспедициясының үшінші күні

Үшінші күн қызыққа толы болды. Таң атысымен, Алматы облысы бойынша Шарын каньоны құрамына кіретін бірнеше шатқалды араладық. Бірінші аялдама - "Қара Шарын". Аты айтып тұрғандай, оның түсіне байланысты халық осылай атап кеткен. Одан кейін "Ай Шарынына" қарай беттедік. Американың барлық каньондарын тамашалаған "Natinal Geographic Russia" редакторы Андрей Каменов, дәл мұндай шатқалды басқа еш жерден көрмегенін жеткізді.

Фото: QazaqGeography.kz
Фото: QazaqGeography.kz
Ал "Каменная полка" шатқалына келгенде тауешкілердің тізбектеліп, өте жылдам қозғалыспен тастан тасқа секіре жөнелгеніне куә болдық.

Одан әрі "Наполеон" шатқалына бардық. Оның кескіні Наполеон тортының қыртыстарын еске салады. Жолдың нашар екенін және қарапайым жеңіл машинаның жүріп өте алмайтындығын айта кеткен жөн.

Бірнеше шақырымға созылған ойлы-қырлы жолдармен "Австрия шыңына"жеттік. Бұл шатқалды ең бірінші болып австриялық азаматтар тапты деген дерек бар.

Одан әрі Бестамақта сәл аялдап, "Долина замковте" күннің батқан сәтін бақыладық.

Негізі, бүгін шытырман оқиғаға толы қызықты күн болды. Жүргізушілердің тәжірибелігі мен экскурсия тобының ауызбіршілігі арқасында жолдағы барлық қиындықты жеңіп, түнде Экопаркте тамақтанып, киіз үйде тәтті ұйқыға баттық.
20-09-2018

Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ