«Жаңа Жібек жолы» бағытының екінші күні аяқталды

Таңертең қатысушылар Саты ауылынан жолсыз жермен бірнеше шақырым жүріп, тау ішіндегі Көлсай көліне қарай бағыт алды. Көлсай көлдері Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 330 км, Қырғызстан шекарасының солтүстігінен 10 км жерде орналасқан.

© Дереккөз: QazaqGeography.kz
© Дереккөз: QazaqGeography.kz
Уақыттың тығыздығына байланысты біз тек Көлсай құрамына кіретін бір көлді ғана көріп үлгердік. Негізі олар үшеу және "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аймағында орналасқан. Кейбір деректерге сәйкес бөктерінде аю, жабайы қабан, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян, борсық секілді жануарлар мекендейді. Алайда, біздің жолымызда қояннан басқа ешқандай жануар кездеспеді. Ал түстен кейін Қайыңды көліне қарай беттедік. Айта кету керек, Қайыңды эко-туристердің ең сүйікті жері. Әсемдігі көз жауын алатын бұл жерлерде бірнеше шетелдік туристен сұхбат алу мүмкіндігі туды. Оларды кейінірек жариялаймыз. Бұл көл теңіз деңгейінен 1867 метр биікте орналасқан. Оның сұлулығын сөзбен сипаттап жеткізу мүмкін емес. Ең қызығы, көлдің астынан ағаштар өсіп тұрғандай. Қайыңды көлі 1911 жылғы жер сілкінісінің салдарынан пайда болған. Ол Саты ауылының шығысынан 11 км жерде орналасқан. Көл астында алабалық мекендейді. Қайыңды көлінен 5 км жерде керемет қайың тоғайын кездестіруге болады.
18-09-2018

Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ