Облыс әкімдерінің қатысуымен кездесу өтті

2019 жылдың 29-қаңтарында «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ұ.Маминнің төрағалығымен облыс әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Фото: q-g.kz
Фото: q-g.kz
Кездесудің басты мақсаты – география, этномәдениет және Қазақстан өңірлерінің тарихын, оның ішінде бірегей табиғи кешендерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеуге күш салу. Осы мәселелерді талқылау үшін Қазақстанның ірі облыстарының, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдері мен Астана қаласының басшысы шақырылды.

Қазақстан, оның бірегей географиясы, табиғаты мен мәдениеті шетелдіктер мен ел тұрғындары үшін үлкен қызығушылық тудыруда. Сондықтан бүгінгі күні бұл құндылықтарды тек сақтап ғана қоймай, оны дамыту маңызды. Ал бұл үшін – Отанымыздың, сонымен қатар шетелдің де бай мұраларын алға көрсете отырып бір бағытта жұмыс істеу маңызды.

Облыс әкімдерімен кездесу барысында «QazaqGeography» жобалары, сондай-ақ ұйымның стратегиялық серіктестерімен бірлескен жобалар ұсынылды. Қоғамдық бірлестік Төрағасы А.Ұ. Мамин Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтауға қамқорлық танытып, күш салатын азматтарды біріктірген ұйымның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, сандық технология дәуірінде біз елімізді сапалы, жаңа деңгейде танытуымыз керек. Бірақ ел масштабындағы үлкен мәселелер бір ғана жолмен, бір ғана пікірмен шешіле салмайды. Қазақстанды алға жылжыту үшін, ең алдымен, бірлескен күш-жігерді синергиялау қажет және осы тұста QazaqGeography-дің рөлі өте маңызды болмақ.

Айта кету керек, QazaqGeography өзінің бастапқы миссиясын жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қауымдастық құрылған сәттен бастап бес жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды: 64 жоба жүзеге асырылып, 12 экспедиция өткізілді. Сонымен қатар, бірлестікке 700-ден астам қоғам тіркеліп, 15 кітап, ақпараттық бюллетень және карталар жарық көрді.

Бірлестік отансүйгіштікке, азаматтық сана, ашықтық және әділдік құндылықтарының арқасында табиғат, қоғам мен мәдениетті және соған байланысты ғылымдарды дамытудың жетекші ұйымына айналуға ұмтылады. Бұл жоспарды жүзеге асыруда еліміздің өңірлерін кешенді тарту және қолдау – басты мақсат. Сондай-ақ, «QazaqGeography» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының мақаласын жүзеге асыруға ат салысады.

29-01-2019
Поделитесь в соцсетях:
Поделитесь в соцсетях:
ПОКАЗАТЬ ЕЩЕ НОВОСТИ
ЕЩЕ НОВОСТИ