QazaqGeography байқау жариялайды

«Хан қорық» жастар фестивалі жайлы естіген боларсыз? Аталған шара 2015 жылдан бері өткізіледі. Бір айта кетерлігі, фестиваль әлдеқашан халықаралық мәртебеге ие болған. Оған тек Қазақстан жастары ғана емес, шетелдік студенттер де атсалыса бастады.

Фото: q-g.kz
Фото: q-g.kz
Тұңғыш рет фестиваль 2015 жылы киелі Ұлытау жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ауқымды шараға «Хан Қорық» атауын берген кезде, «фестивальдің дәрежесі өсіп, халықаралық деңгейге жетеді» деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеп еді. Уақыт өте келе кей нәрсенің өзектілігін жоғалтатыны заңды емес пе? Сондықтан, фестивальге жаңа атау беруді ұйғардық.

Сонымен, дәстүрлі жастар фестиваліне лайық атауға байқау жариялаймыз! Ұтқыр ой мен шығармашылық шабытты сынайтын сәт жетті!

Байқау жеңімпазы маусым айында Түркістан облысында өтетін фестивальге тегін қатысуға мүмкіндік алады.

Мұндай тамаша мүмкіндікті қолдан жіберіп алмаңыздар! Себебі, уақыт өте тығыз! Байқау ақпан айының соңына дейін жалғасады. Идеяларыңызды асыға күтеміз!

21-02-2019
Поделитесь в соцсетях:
Поделитесь в соцсетях:
ПОКАЗАТЬ ЕЩЕ НОВОСТИ
ЕЩЕ НОВОСТИ