Almaty Travel Fest 2018 Қазақстан саяхатшылар форумы

2018 жылы 20 сәуірде сағат 10:00 Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында KITF 2018 «Туризм және саяхат» қазақстандық халықаралық көрмесінің аясында Almaty Travel Fest 2018 Қазақстан саяхатшылар форумы өтті
© Дереккөз: WWF Russia
Форумды QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Iteca қазақстандық көрме компаниясының, МСК сақтандыру компаниясының және Qazaq Air әуе компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Almaty Travel Fest саяхатшылар форумы – ол саяхатты жақсы көретіндерді, кәсіпқой саяхатшыларды, трэвел-фотографтарды, трэвел-блогерлер мен журналистерді, спортшыларды, белсенді тынығуды жақсы көретіндер мен турбизнес өкілдерін біріктіретін алаңша. Іс-шара Қазақстанның ең әдемі жерлері, велосипедпен саяхаттау, К2 сегізмыңшы шыңына шығу, сондай-ақ Алтай, Исландия мен Тибетке сапарлар туралы айтатын кәсіпқой саяхатшылардың сөз сөйлеуі түрінде өтті.

Іс-шара кәсіби саяхатшылардың сөз сөйлеулері түрінде өтті, олар ең жарқын және ұмытылмас сапарлары туралы тыңдаушыларымен ой бөлісті. Нұржан Алгашов әрбір адам болуы тиіс Алтайдан Маңғыстауға дейінгі, Баянауылдан Көлсайға дейінгі Қазақстанның ең әдемі жерлері туралы айтып берді. Евгения Ким саяхатшыларға логистика, кемпингтердегі жайластыру мәселелері және жұмбақ Исландия бойынша саяхаттаудың өз лайфхактары туралы сыр шерті. Альпинист Сергей Бродский 2005 жылы альпинизм бойынша Қазақстан құрамасының К2 тауына жасаған экспедициясы мен үлкен биіктікке көтерілу кезіндегі саяхатшылардың тап болған қиыншылықтары туралы айтып берді. Зарина Мастикбаева түркі халықтарының мәдениет бесігі болып табылатын Алтайға саяхаты туралы сыр бөлісті. Андрей Габченко, белгілі велосипедші, өзінің сапарлары және сүйікті бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Форумның соңында МСК Сақтандыру компаниясы мен QazaqAir әуекомпаниясы сыйлықтарының ұтыс ойыны өткізілді.

Almaty Travel Fest 2017 алғашқы форумы 2017 жылдың желтоқсан айынды өтті және көптеген оң пікірлерді жинады. 200-ден астам адам Қазақстан бойынша саяхаттар, Оңтүстік полюс экспедициясы, Непал, Үндістан, Норвегияға сапарлар және Эверест шыңына шығу туралы оқиғаларды естуге келді.
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ

25-04-2018