4000 км жол және төрт ұлттық табиғи саябақ — «Сарыарқа» экспедициясының қорытындысы Барлық құқығы қорғалған

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде Қазақстанның төрт облысы аумағында өтіп жатқан «Сарыарқа» бағыты экспедициясы өз мәресіне жетті. 20 тамызда басталған экспедиция он алты күнге созылды. Осы уақытта қатысушылар 4000 шақырымнан астам жолды еңсеріп, төрт ұлттық табиғи саябақта болып қайтты.
© Дереккөз: primeminister.kz
Жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы. «Сарыарқа» экспедициясының бағытын «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

Саяхатшылар Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы түрлі ландшафты, өсімдіктер мен жануарларға бай көрікті жерлерді аралады. Бұл - «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберіндегі төртінші бағыт. Экспедиция құрамында саяхатшылар, телевизия журналистері мен туроператор өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер: атап айтсақ - ресейлік тревел-блогер Елена Хачина мен қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек бар.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында экспедиция мүшелері маралдарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Сол күнгі ауа райының қолайсыздығынан саяхатшыларға оңай болмады: нөсерлі жауын астында шатырда түнеу – кез келген туристің қолынан келер іс емес.

Осы саябақта құстардың небір түрі мекендейтін көл бар. Бұл – саябақ аумағындағы ең ірі көлдердің бірі - Әжібай көлі. Мұнда бёрдвотчерлер (құстарды тамашалағанды ұнататындар) келеді.

Экспедиция қатысушыларының келесі тоқтаған жері – Баянауыл ұлттық табиғи саябағындағы Торайғыр көлінің жағасы. Көлдің бұлай аталуы әйгілі Едіге бидің ұрпағы Торайғырмен байланысты. Ол өте әділ әрі парасатты адам болған. Осы көлдің бойында өмір сүргендіктен, халық көлге оның атын берген. Жалпы алғанда Баянауылдың тарихы бай, табиғаты әсем, ол туралы аңыздар мен әпсаналар көп.

Баянауыл саябағында экспедиция қатысушылары барған тағы бір көл – Жасыбай. Бұл - туристердің сүйікті орны. Айта кету керек, мұнда инфрақұрылым біршама дамыған.

Қарағанды облысының аумағындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябағында экспедиция тобы Шайтанкөлмен танысты. Көл тау басындағы тастардың арасында орналасқандықтан, мұнда тек жаяу жетуге болады. Жергілікті халық мұнда жын-перілер мекендейді деп санайды.

Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов қатысушыларды, Құнанбай қажы салдырған, Қазақстандағы ең ескі мешіттердің бірін көруге шақырды. Бүгінге дейін мешіт көп өзгерген. 1920 жылы мешіттің мұнарасы қиратылып, ғимараты мектеп ретінде берілсе, кейіннен қойма қызметін атқарды да, бертін келе мүлде бос қалды. 1980 жылдары мешіт қайта жөнделіп, бүгінде өзінің бастапқы мақсаты бойынша қайта қолданылуда.

Ары қарай экспедиция мүшелері еліміздегі ең үлкен су қоймалардың бірі – Балқаш көліне бет алды. Көлдің ерекшелігі: оның батыс жағы – тұщы, ал шығыс бөлігі ащы болып келеді. Көлде шамамен жиырмаға жуық балықтың түрі, ал жағасында құстың 120-дан астам түрі мекендейді. Олардың көбі Қазақстанның Қызыл ктіабына енгізілген.

Балқаштың сол жағалауында жұмбағы мол, табиғаты сұлу Бектау ата тауы бар. Мұнда келгенде саяхатшылардың алдында керемет «марс» пейзажы көрінді. Бұл екі табиғи ландшафт – гранитті тау мен құмды даланың түйіскен табиғи ортасы. Бектау ата гранитті жартастары – жері беті мен жарықшақтарында қалған жанартау лавасы. Жанартау қатпарлары өте әдемі. Бұл таудағы ең көрікті жерлердің бірі - Атабек үңгірі. Оның ұзындығы 50 метр. Мұнда тәңіршілер Ұмай анаға арнап діни рәсімдер жасаған деп саналады.

Ортауда экспедиция мүшелері Шұнақ метеорит кратерін көріп, содан соң ежелде жартастарға салынған суреттер сақталған археологиялық ескерткіші бар Теректі шатқалына бет алды. Теректі әулие шатқалында «аң стилінде» салынған жануарлардың суретін көруге болады. Мұнда шамамен 300 петроглиф бар.

Саяхатшылар осы бағыт бойынша тағы екі ұлттық саябаққа барды, олар: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен «Сарыарқа» нысаны құрамында ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасына (Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері) кіретін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы.

Қатысушылардың айтуынша, бағыт қызыққа толы және өте әсерлі болды. Күн сайын бір біріне ұқсамайтын жаңа пейзаждар, табиғаттың бірегей ескерткіштері, оқиғалар мен жаңа әсерлер өте көп болды.

«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы аясында тағы екі бағыт бар екенін естеріңізге саламыз, олар: Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары аумағы арқылы өтетін «Теңізден теңізге дейін» және Түркістан, Жамбыл, Алматы облысытарының аумағын аралайтын «Жаңа Жібек жолы». «Жаңа Жібек жолы» бағытына National Geographic Ресей телеарнасының командасы қатысады.

Экспедиция қорытындысы бойынша, «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға баруға қатысты арнайы бағдарлама ашылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі - «Хабар» агенттігі.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: 8 (7172) 76 98 56, +77015263050, email: media@askredpoint.com

Анықтама:

«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Қазақстан аймақтарына жасалатын ең ірі экспедиция. Экспедиция 2018 жылғы 18 шілдеден бастап 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару арқылы жүргізіледі. Экспедициясының мақсаты – жаңа туристік бағыттарды жасау үшін табиғи, тарихи, киелі мекендері зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту, және туған елді зерттеу. Оған қоса, экспедиция туралы материалдар Қазақстанның туристік дестинация ретінде танылуына және халықты ішкі туризмге тартуға ықпал етеді. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады, олардың қазіргі күйі туралы өзекті ақпарат алынады, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалатын болады.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеттері еліміздің туристік әлеуетін шетелде дамыту, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту.

«QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі бес бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазір Қазақстан Республикасында 11 өкілдік бар.

Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ КӨРСЕТУ

04-09-2018