«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы өз мәресіне жетті

«Киелі Қазақстан» экспедициясы бүгін Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан «Жасыбай» демалыс орталығына табан тіреді. Бұл 21-маусым күні басталған шараның соңғы нүктесі. Салт аттыларды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды.

Баянауыл – әулиелер мен ғұламалар көп шыққан киелі мекен. Бұқар жырау, Жаяу Мұса, Жүсіп Көпейұлы сияқты тұлғалардың туған жері. Экспедиция құрамы академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайын аралады. Одан бөлек, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесінде болып, Мұса Мырза мешітінде құран бағыштап, Сарыадыр бұлағынан су ішті. Киелі мекенде көне тарихтың іздері де баршылық. Солардың бірі Торайғыр ауылының аумағынан табылған сақ қорғандары. Сонымен қоса, ұлттық парктегі ең танымал тас – Кемпір тас, оны туристер Баба-Яга деп те атайды. Шара соңында салт аттылар бүлдіршіндерге арнайы сый-сияпат ұсынды.
«Экспедицияның мақсаты — атқа міну мәдениетін насихаттап, Қазақстанда атты туризмді дамыту. Менің ойымша, осы жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениетін жаңғыртуға елеулі үлес қосады деп сенемін», - дейді салт аттылар жетекшісі Берік Ақылбеков.
«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы 21-маусымда «BalQaragai» демалыс орталығынан ақсақал қариялардың батасын алып, жолға шыққан болатын. Осы уақыт аралығында қатысушылар Ақмола, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтті. Салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп, жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрды. Экспедиция құрамында атқа мінудің қыр-сырын жіті білетін тәжірибелі шабандоздар, туроператор өкілдері, тревел-блогерлер, тілшілер, фотографтар мен видеооператорлар бар.
Экспедиция нәтижесінде атты туризмді белсенді дамыту үшін қолдануға болатын бағыттар анықталды. Ол жерлер нақты координаталармен, сапалы фото және бейнематериалдармен қамтылып, толық сипатталатын болады. Әрі қарай бұл ақпараттың барлығы отандық туркомпанияларға беріледі.
Шара ҚР мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм индустриясы Комитетінің бастауымен жүзеге асып жатыр. Ұйымдастырушысы - «Kazakh Tourism» ҰК, маршрутты жасап және экспедицияны өткізген - «QazaqGeography» РҚБ.
Экспедицияның толық жүріп өткен жолдары: Нұр-Сұлтан қ. –Қарағайлы археологиялық кешені – Соколиные горы (Бұйратау ҰТП) – Едіге би кесенесі – Алғабас а. – Белодымовский кордон, Қараағаш (БұйратауҰТП ) – Әлкей Марғұлан а. – Қарабұлақ а. – Мұса Шорманұлы а. – Бұқар Жырау кесенесі – Жаңатілек а.– Жаяу Мұса кесенесі –Баянауыл а.– Жасыбай көлі, С.Торайғыров кесенесі, Қоңыр әулие (Баянауыл ҰТП) – Нұр-Сұлтан қ.

Поделитесь в соцсетях:
Поделитесь в соцсетях:
Наши события
Показать еще новости
Наши события
Показать еще новости