«Арал 2019» экспедициясы аяқталды

«Арал 2019» экспедициясы аяқталды

12 мамыр Нұр-Сұлтаннан Арал теңізіне қарай бет алған «Арал – 2019» экспедициясы бүгін елордаға оралды. 17 күндік сапарда Арал теңізінің Қазақстан аумағы бойынша 4 мың шақырымды жүріп өтіп, теңізден 20дан аса түрлі су сынамалары алынды.

Айта кету керек, Арал теңізінің Қазақстан аумағы бойынша 4000 шақырымды қамтиды. 2019 жылдың 12 - 28 мамыр аралығында саяхатшылар келесі бағыт бойынша жол жүріп өтті : Нұр-Сұлтан – Арқалық - Торғай – Ырғыз – Шалқар - Бегімбет - Бозой – Оңтүстік нүктесі – Чернышев шығанағы - Құланды - Тұщыбас – Шевченко шығанағы- Шұбартарауыз түбегі - Ақеспе – Бутаков шығанағы – Қотырнақ түбегі – Арал - Қамыстыбас - Қаратерең - Көкарал бөгеті– Қаратерең - Байқоңыр – Қызылорда – Жезқазған - Қарағанды – Нұр-Сұлтан.

Бұл QazaqGeography-дің Аралға бағытталған үшінші экспедициясы.2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілетін шараға шетел және қазақстандық ғалымдар, географиялық қоғамның белсенді мүшелері мен кәсіби саяхатшылар қатысты. Алдыңғы экспедициялар кезінде Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық күйі зерттелген болатын. Осыған дейінАрал теңізінің орташа тұздылығының төмендеу беталысы тіркелген еді. Бұл Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы алдын ала қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.

Айта кетер жайт, 2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге зерттеу спектріне Оңтүстік Арал кіріп, теңіздің Өзбекстан бөлігі де зерттеуге алынды. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық топтанулардың биоалуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналды, ол Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы алдын ала трендті анықтауға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеу жұмыстарынан бөлек, экспедицияның мақсаты - Арал өңірі бойынша туристік бағыт картасын жасап, бірегей фото- және бейнематериалдар жинауды көздеді.

Экспедиция кезіндегі ерекше көңіл бөлер нәрсе – спутниктік интернет. Осы орайда IEC Telecom Kazakhstan-ның Thuraya IP+ желісі үшін алғысымыз шексіз. Экипаж мүшелері қайда болса да, қандай ауа райы болса да әрқашан әлеуметтік желі арқылы байланыста болды.

Поделитесь в соцсетях:
Поделитесь в соцсетях:
Наши события
Показать еще новости
Наши события
Показать еще новости