«Киелі Қазақстан» экспедициясы

17 және 26 мамыр аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Назарбаев Университетімен бірге Қазақстанның киелі жерлері бойынша жыл сайынғы «Киелі Қазақстан» экспедициясын өткізеді.
Осы жылы экспедиция мүшелері Ақкөлдегі ескі ағаш мешітті, Қоңыр Әулие үңгірін, Аблай-кит монастырының қираған орнын, Ақкөл мазарын, ақын Абай Құнанбаевтың әкесінің мешітін және Қызылкент ғибадатханасын зерттейді.

Осы мақсаттарда QazaqGeography тобы дайын жол талғамайтын көлігі бар 2 жүргізушіні және сапар туралы фильм немесе бағдарлама түсіру үшін журналист-операторларды немесе блогерлерді іздейді. Жүргізушілер машинаға арналған жанармаймен және сыйақымен қамтамасыз етіледі.

«Киелі Қазақстан» экспедицияларының топтамасы, бізге ғасырлар бойы жеткен рухани мұра нысандарын жан-жақты зерттеуге бағытталған. Бұл құрылыстар – Қазақстан жерінің ежелден бері әртүрлі рухани тәжірибелер мен дүниетанымдар үйі болғанының нақты айғағы. Мысалы, Ақкөл мешіті сібір-татар «мұсылман» стилінде башқұрт сәулетшілерімен тұрғызылған, ал астында көлі бар Қоңыр Әулие үңгірімен көптеген тенгриандық аңыздар байланысты. Аблай-Кит жоңғар монастырында 17 ғасырда моңғол тіліндегі қолжазбалар мен бодхисаттва суреттері табылған, ал Қызылкент «Қызыл ғибадатханасын» буддизмді ұстанған тайпалар тұрғызған.

Қазақстанның осындай рухани бай мұрасы Назарбаев Университетінің зерттеушілерін күтеді. Ғалымдар ГИС-координаталарды анықтау, халық мәліметтері мен аңыздарын жазу және сирек манускрипттерді цифрлау жұмыстарын жүргізеді. Барлық ақпарат Киелі жерлердің электрондық атласы сайтының негізіне жатады және онлайн қолжетімді болады.
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жаңалықты әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
ПОКАЗАТЬ ЕЩЕ НОВОСТИ
ЕЩЕ НОВОСТИ